EasyManua.ls Logo

Gorenje MO4250CLI - Page 186

Gorenje MO4250CLI
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
емес және өндіруші авторландырмаған тұлғалардың
орындауы қауіпті.
ЕСКЕРТУ! Тағамды тығыз жабылған ыдыстарда
жылытпаңыз, өйткені олар жарылып кетуі мүмкін.
Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз.
Шағын толқынды пештің аяқтарын шешіп алмаңыз,
желдету тесіктерін жаппаңыз.
Шағын толқынды пештерде пайдалану үшін
жарамды асүй ыдыс-аяғын және керек-жарақтарды
пайдаланыңыз.
Жұмыс істеп тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз,
әсіресе, егер қағаздан, пластиктен және басқа жанғыш
заттардан жасалған ыдысты пайдалансаңыз, өйткені
олар балғып және жанып кетуі мүмкін.
Егер сіз түтін немесе от байқасаңыз, пештің есігін
ашпаңыз, аспапты өшіріңіз және айырын штепсель
розеткасынан шығарыңыз немесе пешті электр қорек
көзінен ажыратыңыз.
Сұйықтықты қыздыру кезінде абай болыңыз! Егер сіз
шағын толқынды пештен қайнау температурасына
жақын сұйықтығы бар сауытты тез шығарып алсаңыз, ол
бұрқылдап, сіздің қолыңызға төгілуі мүмкін.
Банкілердегі және бөтелкелердегі балалар тағамын
жылытқаннан кейін, бірқалыпты температураны
қамтамасыз ету үшін, ішіндегісін мұқият
араластырыңыз немесе сілкіңіз. Тамақтандырар
алдында балалар тағамының температурасын міндетті
түрде тексеріңіз. ҚҮЙІП ҚАЛУ ҚАУПІ БАР!
Шағын толқынды пеште қабығы бар жұмыртқаны
және қатып пісірілген жұмыртқа дайындамаңыз және
жылытпаңыз, өйткені олар жарылып кетуі мүмкін.
Есігін, тығыздауышын, жұмыс камерасын тазарту
үшін жұмсақ абразивті емес тазарту құралдарын
және жұмсақ губкаларды немесе шүберектерді
пайдаланыңыз.
Пешті үнемі тазартып тұрыңыз. Камера қабырғасында
қалған тағам қалдықтарын жойыңыз.
Егер пештің тазалығын қадағаламасаңыз, оның беттері
бүлінетін болады, бұл аспаптың қызмет мерзімінің
қысқаруына әкеп соғады, сондай-ақ қауіпті жағдайдың
пайда болу себебі болуы мүмкін.
Зақымданған желілік сымды қауіпті жағдайларды
болдырмау үшін өндіруші, авторландырылған сервис
орталығының шебері немесе білікті маман ауыстыра
алады.
Желілік кабельдің шайнек қойылған үстел шетінен
немесе жұмыс бетінен салбырап тұрмауын
қадағалаыңыз.
186

Related product manuals