EasyManuals Logo

Hotpoint Ariston WMSD 723 User Manual

Hotpoint Ariston WMSD 723
84 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #82 background imageLoading...
Page #82 background image
82
KZ
Құрылғының есігі мен барабанына
күтім көрсету
Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті
әрқашан сәл ашып қою керек.
Сорғыны тазалау
Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді
қажет етпейтін, өзін-өзі тазалайтын сорғымен
жабдықталған. Кейде кіші заттар (тиындар немесе
түймелер сияқты) сорғының төменгі жағындағы, оны
қорғайтын алдыңғы камераға түсіп кетуі мүмкін.
! Жуу циклы аяқталғанына көз жеткізіңіз де,
құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:
1. бұрағыштың
көмегімен, кір жуғыш
машинаның алдыңғы
төмен бөлігіндегі қақпақ
панелін алып тастаңыз
(суретті қараңыз);
2. қақпақты сағат тіліне
қарсы бағытта бұру
арқылы бұрап шығарып
алыңыз (суретті
қараңыз): кішкене су
ағып кетуі мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай;
3. ішін жақсылап тазалаңыз;
4. қақпақты орнына бұраңыз;
5. құрылғыға итеріп салмас бұрын, ілмектері орнына
мықтап отырғанына көз жеткізіп, панельді орнына
қойыңыз.
Судың кіріс түтігін тексеру
Кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз.
Шатынаған болса, оны дереу ауыстыру керек: жуу
циклдарының барысында су қысымы өте жоғары болады
және шатынаған түтік жарылып кетуі әбден мүмкін.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы
болмаңыз.
Су мен токты өшіру
Әрбір жуу циклынан кейін су шүмегін жауып
отырыңыз. Бұл кір жуғыш машинаның ішіндегі
гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су
ағып кетудің алдын алуға көмектеседі.
Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындаған
кезде оны токтан ажыратыңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау
• Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден
жасалған құрамдас бөліктерін жылы сабынды сумен
суланған жұмсақ шүберекпен тазалауға болады.
Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
• Кір жуғыш машинада ішкі бөлшектеріне арналған
«Өзін-өзі тазалау» бағдарламасы бар, оны барабанға
ешбір зат салмай іске қосу керек.
Бұл циклды оңтайландыру үшін кір жуғыш машинаны
тазалау мақсатында жуғыш затты (қатты ластанған
киімдер үшін берілген мөлшердің 10%) немесе
арнайы қосымша заттарды пайдалануға болады.
Тазалау бағдарламасын әр 40 жуу циклында бір рет
іске қосқан абзал.
Бағдарламаны бастау үшін A және B түймелерін
бір уақытта басып 5 секунд ұстап тұрыңыз (Кестені
қараңыз).
Бағдарлама автоматты түрде қосылады және
шамамен 70 минут орындалады. Циклды тоқтату үшін
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз.
Жуғыш зат тартпасын тазалау
Диспенсерді көтеріп,
тарту арқылы шығарып
алыңыз (суретті
қараңыз).
Оны су ағыны астында
жуыңыз; бұл әрекетті жиі
қайталап тұру керек.
Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету
1
2
BA

Table of Contents

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Hotpoint Ariston WMSD 723 and is the answer not in the manual?

Hotpoint Ariston WMSD 723 Specifications

General IconGeneral
BrandHotpoint Ariston
ModelWMSD 723
CategoryWasher
LanguageEnglish

Related product manuals