EasyManua.ls Logo

HP Deskjet Ink Advantage 2645 - Page 45

HP Deskjet Ink Advantage 2645
64 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
45
Қалыпты факсты жіберу
1. Құжаттарды автоматты түрде салатын құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып
салыңыз немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып
салыңыз.
2. Принтер дисплейіндегі Басты экранда Жоғары және Төмен түймелерін Факсті таңдау үшін басыңыз, содан
кейін OK түймесін басыңыз.
3. Қара немесе Түрлі-түсті факс параметрін таңдаңыз.
4. Пернетақтаны қолдану арқылы факс нөмірін енгізіңіз, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Кеңес: Факс нөміріне үзілісті қосу үшін, * түймесін дисплейде сызықша (-) көрсетілгенше басыңыз.
Жіберілген факстің сапасындағы ақаулар туралы алушы хабарласа, факстің ажыратымдылығын немесе
контрастын өзгертуге әрекет жасаңыз.
Факсті қолдану
Факсті қосымша телефоннан жіберу
1. Құжаттарды автоматты түрде салатын құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып
салыңыз немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып
салыңыз.
2. Принтер дисплейіндегі Басты экранда Жоғары және Төмен түймелерін Факсті таңдау үшін басыңыз, содан
кейін OK түймесін басыңыз.
3. Қосымша телефонның пернетақтасын пайдаланып нөмірді теріңіз.
Ескертпе: Факсті осы әдісті пайдалана отырып жіберген кезде принтердің басқару панеліндегі пернетақтаны
қолданбаңыз.
4. Алушы қоңырауға жауап берсе, факсті жібермес бұрын әңгімелесуге болады.
Ескертпе: Қоңырауға факс құрылғысы жауап берсе, факс құрылғысынан факстің дыбыстық сигналын естисіз.
5. Факсті жіберуге дайын болған кезде OK түймесін басыңыз, Жаңа факс жіберу параметрін таңдаңыз, содан
кейін Қара немесе Түрлі-түсті факс параметрін іске қосыңыз.
Егер алушымен телефон арқылы сөйлесіп жатсаңыз, алушыдан факс машинасында факс дыбысын естігенде,
факсті қабылдауын сұраңыз. Принтер факсті алуды бастағаннан кейін телефон тұтқасын қоюға немесе желіде
қалуға болады. Факс берілімі кезінде факс сигналдарын естімеуіңіз мүмкін.
Факсті жіберудің факсті кешірек жіберетіндей етіп жоспарлау немесе компьютерден жіберу сияқты басқа да
жолдары туралы қосымша мәліметтер алу үшін электрондық анықтаманы қараңыз.
Факсті автоматты түрде қабылдау
Әдепкіде, принтер автоматты түрде кіріс қоңырауларына жауап береді және факстерді қабылдайды.
Факстерді қолмен қабылдау үшін принтердің басқару тақтасынан Автоматты түрде жауап беру параметрін
өшіріңіз.
Принтер Звонки для ответа (Жауап берілетін қоңыраулар) параметрінде көрсетілген қоңыраулардың санынан
кейін қоңырауларға жауап береді.
Ескертпе: Жауап беру құрылғысы принтерге қосылған болса, принтер үшін Звонки для ответа (Жауап берілетін
қоңыраулар) параметрі жауап беру құрылғысы үшін орнатылған мәннен жоғары болуы қажет.
1. Принтердің қосылып тұрғанын және қағаздың жүктелгенін тексеріңіз.
2. Принтер дисплейіндегі Басты экранда Жоғары және Төмен түймелерін Факсті таңдау үшін басыңыз, содан
кейін OK түймесін басыңыз.
3. Параметрлер түймесін таңдаңыз, содан кейін Автоматты түрде жауап беру түймесін және Қосу түймесін
таңдаңыз.
Ескертпе: Факс жіберу үшін қолданылатын бірдей телефон желісіндегі дауыстық пошта қызметіне
жазылсаңыз, факстерді автоматты түрде қабылдай алмайсыз. Бұл кіріс факс қоңырауларына жауап беру үшін
қол жетімді болуыңыз қажет. (Факстерді автоматты түрде қабылдағыңыз келсе, арнайы қоңырау қызметіне
жазылу немесе факс үшін бөлек телефон желісін алу үшін телефон компаниясымен байланысыңыз).
Кеңес: Принтер алынған факстерді оның ішкі жадында сақтай алады. Бұл факстерді қайта басып шығару үшін
келесі беттегі “Жадтан алынған факстерді қайта басып шығару” бөлімін қараңыз.
Қазақ

Other manuals for HP Deskjet Ink Advantage 2645

Related product manuals