EasyManua.ls Logo

HP Deskjet Ink Advantage 2645 - Page 46

HP Deskjet Ink Advantage 2645
64 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
46
Факсті пайдалану (жалғасы)
Факсті қолмен қабылдау
Егер телефон арқылы басқа біреумен сөйлесіп жатқан болсаңыз, факстерді тұтқаны қоймай, қолмен ала аласыз.
1. Принтердің қосылып тұрғанын және қағаздың жүктелгенін тексеріңіз.
2. Барлық түпнұсқаларды құжаттарды автоматты түрде салатын құралдан алып тастаңыз.
Ескертпе: Принтер жауап бермей тұрғанда кіріс қоңырауына жауап беруге мүмкіндік беретін жоғарғы санға
Звонки для ответа (Жауап берілетін қоңыраулар) параметрін орнатыңыз. Немесе принтер автоматты түрде
кіріс қоңырауларына жауап бермес үшін Авто ответ (Автоматты түрде жауап беру) параметрін өшіріңіз.
3. Жіберушіден факсті жіберуін сұраңыз.
4. Факс сигналдарын естігенде, принтердің басқару тақтасындағы Басты экранынан Fax түймесін таңдау үшін
Жоғары және Төмен түймелерін басыңыз, ОК түймесін, содан кейін Факсті қолмен қабылдау түймесін
басыңыз.
Ескертпе: Принтер факсті алуды бастағаннан кейін телефон тұтқасын қоюға немесе желіде қалуға болады. Факс
берілімі кезінде факс сигналдарын естімеуіңіз мүмкін.
Қабылданған факстарды жадтан қайта басып шығару
Қателері бар инемесе басып шығарылмаған қабылданған факстер жад ішінде сақталады.
Ескертпе: Жадта сақталатын факстер саны шектеледі. Жадтағы факстардың өлшемдеріне байланысты олар әлі
жадта болса, ең соңғы факстардың сегізін қайта басып шығара аласыз.
Ескертпе: Принтер өшірілгенде жадта сақталған барлық факстер жадтан жойылады.
1. Қағаздың принтерге салынғанын тексеріңіз.
2. Принтер дисплейіндегі Басты экранда Жоғары және Төмен түймелерін Факсті таңдау үшін басыңыз, содан
кейін OK түймесін басыңыз.
3. Параметрлер тармағын таңдаңыз, содан кейін Басып шығарылмаған факстерді қайта басып шығару
параметрін таңдаңыз.
Факстер кері ретпен ең соңғы қабылданған факс бірінші болып көрсетіледі.
4. Басып шығарғыңыз келетін факсті таңдап, Басып шығару түймесін таңдаңыз.
5. Басып шығаруды тоқтату үшін, Бас тарту түймесін басыңыз.
Есепті немесе журналды басып шығару
Факс есептері принтер туралы пайдалы жүйе мәліметтерін береді.
1. Принтер дисплейіндегі Басты экранда Жоғары және Төмен түймелерін Факсті таңдау үшін басыңыз, содан
кейін OK түймесін басыңыз.
2. Параметрлер тармағын таңдаңыз, Қосымша параметрлер тармағын таңдап, Факс есебі параметрін
таңдаңыз.
3. Басып шығарылатын факс есебін немесе факс журналын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Ескертпе: Факстердің сәтті түрде жіберілгені туралы басып шығарылған растама қажет болса, Факс растамасы
параметрін таңдап, қажетті опцияны таңдаңыз.
Қазақ

Other manuals for HP Deskjet Ink Advantage 2645

Related product manuals