EasyManua.ls Logo

Lux Tools B-RM-46HMA/E - Page 201

Lux Tools B-RM-46HMA/E
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
KAZ
201
Жоғары температураларда бензин
өздігінен тұтануы мүмкін!
Бензинді өз мақсатына көзделген
сыйымды ыдыстарда ғана сақтаңыз.
Жанармайды тек ашық аспан
астында құйыңыз жəне құю кезінде
шылым шекпеңіз.
Бензинді қозғалтқышты іске қосар
алдында құйған жөн. Қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда немесе көгал-
шапқыш қызып тұрған кезде бактың
қақпағын ашуға немесе бензинді
қосымша құюға болмайды.
Егер бензин қотарылып жатса, ешбір
жағдайда қозғалтқышты іске қосуға
талпынбаңыз. Оның орнына, бензин-
мен ластанған жерден машинаны
алып кеткен жөн. Бензиннің қал-
дықтары буланып кеткенге дейін
оталдырудың кез келген талпыны-
сынан бас тартқан жөн.
Зақымдалған бензин багы мен бак-
тың қақпағын қауіпсіздік мақсатында
алмастырған жөн.
Ақаулығы бар бəсеңдеткіштерді алма-
стырған жөн.
Пайдалану алдында əрдайым кескіш
пышақтарды, бекіту болттарын жəне
бүкіл кескіш түйінді көзбен шолып тек-
серу қажетолар зақымдалмаған жəне
тозбаған болуы тиіс. Кескіш пышақтар
мен бекіту болттарының тозуы немесе
зақымдалуы кезінде үйлесімсіздіктің
алдын алу үшін пышақтардың немесе
болттардың бүкіл жиынтығын алмасты-
рған жөн. Ескірген немесе зақымдалған
ескерту тақталарын алмастырған жөн.
Назар аударыңыз! Бірнеше кескіш
пышағы бар машиналарда бір
пышақтың қозғалысы қалған барлық
пышақтардың айналуына əкеп соқты-
рады.
Басқару
Іштен жанатын қозғалтқыш қауіпті тұн-
шықтырғыш газдың жиналуы мүмкін
жабық үй-жайларда жұмыс істемеуі
тиіс.
Тек күндізгі жарықта немесе жақсы
жасанды жарықта жұмыс істеңіз.
Мүмкіндігінше ылғалды шөпті ормаған
жөн.
Еңіс жерлерде құрылғының
орнықтылығын қадағалаңыз.
Ешқашан жүгірмеңіз, тек адымдап
жұмыс істеңіз.
Еңіске көлденең бағытта жұмыс істеу
керек, ешқашан еңіспен жоғары немесе
төмен қарай жұмыс істемеңіз.
Еңісте жұмыстың бағытын ауыстыру
кезінде сақтық таныту қажет.
Тым құлама еңістерде жұмыс істемеңіз.
Көгалшапқышты өзіңізге қарай
тартқанда немесе оны бұрған кезде
ерекше сақтық танытыңыз.
Егер көгалшапқышты шөптен өзге бет-
терде алып жүру үшін жəне көгалша-
пқышты тұрған жерінен оратын жерге
дейін қозғалтқан кезде қисайту қажет
болса, кескіш пышақтарды (пышақты)
тоқтатқан жөн.
Көгалшапқышты зақымдалған қорға-
ныс құралдарымен/қорғаныс торымен
бірге немесе орнатылған қорғаныс
құралдарынсыз, мысалы қалқасыз
жəне/немесе шөп жинағышсыз ешқа-
шан пайдаланбаңыз.
Қозғалтқыштың реттеулерін өзгерт-
пеңіз жəне оны қатты бұрамаңыз.
Қозғалтқышты іске қоспастан бұрын
тежеуішті жіберген жөн.
Қосқышты іске қосуды немесе басуды
өндірушінің нұсқауларына сəйкес
сақтықпен орындаған жөн. Аяқтың
кескіш пышақтардан (пышақтан) жет-
кілікті қашықтықта тұруын қадағалаңыз.
Қозғалтқышты іске қосқан кезде, жұмыс
барысында көгалшапқышты сəл көтеру
қажеттілігі орын алатын жағдайларды
қоспағанда, оны өзіңізге қаратып көте-
руге болмайды. Мұндай жағдайда
көгалшапқышты шынайы қажеттілікке
қарай көтеру қажет; көгалшапқыштың
пайдаланушыға қарама-қарсы жағын
ғана көтерген жөн.
Егер жабындау арнасының алдында
болсаңыз, қозғалтқышты қоспаңыз.
Машинаның айналмалы бөлшектеріне
немесе олардың астына ешбір
жағдайда қолыңызды немесе аяғыңы-
зды жақындатпаңыз. Лақтыруға
арналған саңылауға жақындамаңыз.
Қозғалтқышы қосулы көгалшапқышты
ешқашан көтермеңіз жəне тасымалда-
маңыз.
Оталдыру кілті мен білте ұштығын
төмендегі жағдайларда сөндіріп
жүріңіз:
көгалшапқышты қараусыз əр қалды-
рған сайын

Table of Contents