ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Назар аударыңыз! Өртке қауіпті / жанғыш материалдар!
БҰЛ құрал тұрмыстық және ұқсас жағдайларда қолдануға арналған, мысалы, дүкендердегі
қызметкерлерге арналған ас үй, кеңселер және басқа да қызметтік үй-жайлар; қонақ үйлер,
мотельдер және ұқсас азық-түліктік емес мекемелерде.
БҰЛ құрылғы физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдарға немесе
қауіпсіз пайдалану жөнінде тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға қолдануға арналмаған, егер
қауіпсіздігі үшін жауапты адам қадағаламаған жағдайларды есептемегенде.
БАЛАЛАРДЫҢ құрылғымен ойнамауын қадағалап отыру керек. Егер қуат сымы
зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны өндіруші немесе сервистік қызмет
ауыстыруы керек.
ЖАРЫЛҒЫШ аэрозоль тәрізді жанғыш заттарды құрылғыда сақтауға болмайды.
Пайдаланғаннан кейін және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізер алдында
құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап корпусындағы немесе кіріктірілген құрылымдағы желдеткіш
саңылауларды бөгемеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші ұсынғаннан басқа, еріту процесін жылдамдату үшін
механикалық құрылғыларды немесе басқа құралдарды пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хладагент контурына зиян келтірмеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер олар өндіруші ұсынған түрге жатпаса, азық-түлік өнімдерін
сақтау бөліктерінде электр құралдарын пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқышты тез тұтанатын заттар мен салқындатқыш заттар
бар құрылғыларды жоюға арналған жергілікті ережелерге сәйкес кәдеге жаратыңыз.
АСПАПТЫ орналастырған кезде қуат сымының қысылмағанына немесе
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
АСПАПТЫҢ артқы панеліне көп орынды розетка немесе портативті қуат
адаптерін қоймаңыз.
ҰЗАРТҚЫШ сымдарды немесе жерге тұйықталмаған адаптерді (2 сымды, 2 түйіспелі)
пайдаланбаңыз.
АКСЕССУАРЛАРДЫ орнатпас бұрын тоңазытқышты қуат көзінен ажырату керек.
ҚҰРАЛДЫҢ қоршаған ортаға зиян тигізбеуі немесе басқа зиян келтірмеуі үшін
оны өртемеңіз.
ҚҰЛЫПТАРМЕН жабдықталған есіктердің кілттерін, балалардың ішіне кіріп кетуіне жол
бермеу үшін, оларды тоңазытқыштан алыс, балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
EN СТАНДАРТЫНА сәйкес: бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ физикалық
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен, немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз
адамдар, егер олар бақылауда болса, немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулық берілсе, және онымен байланысты қауіпті түсінсе қолдана алады.
3