EasyManua.ls Logo

Philips BT9280 - Page 67

Philips BT9280
175 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
67

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өніміңізді  веб-бетінде тіркеңіз.

1 Дәлдегіш кесу тарағы
2 Стандартты кесу тарағы
3 Бұралатын кесу тарағы
4 Лазер бағыттағышы
5 Кесу тарағының бағыттағыш тесігі
6 Ұзындықты орнату дисплейі
7 Ұзындықты орнатуға арналған масштаб дөңгелегі
8 Қосу/өшіру түймесі
9 Батарея шамдары
10 Кішкене штепсельге арналған розетка
11 Адаптер
12 Кішкене штепсельдік ұш
13 Щетка
14 Сақтау қалтасы (тек BT925/BT9290)

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.

- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.

- Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті
розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Құралды және оның сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде
сақтаңыз.
- Құралды ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда қолданбаңыз.

- Қолданбас бұрын, құралды әрдайым тексеріңіз. Құралдың қандай да
бір бөлшектері зақымдалса немесе сынса, оны қолданбаңыз, себебі
бұл жарақаттануға әкеп соғуы мүмкін.
- Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген арнайы
мақсатта қолданыңыз.
- Құралды 5°C және 35°C температура аралығында пайдаланыңыз,
зарядтаңыз және сақтаңыз.
- Құралды зарядтау үшін, тек қосымша берілген адапторды ғана
қолданыңыз.


Related product manuals