Әтір суын, сірке суын, крахмал, қаспақ кетіретін сұйықтықтар, үтіктеуге жәрдемдесетін
немесе басқа химиялық заттарды, суға арналған сыйымдылыққа құюға болмайды.
1 Құралдың тоқтан суырылып тұрғандығына көзіңізді жеткізіңіз.
2 Бу бақылаушыны 0 (= бусыз) орныққан орнына қойыңыз (Cурет 3).
3 Суға арналған сыйымдылықтың қақпағын ашыңыз.
4 Үтікті артқа қарай еңкейтіп, суға арналған сыйымдылыққа су құятын ыдыспен максимум
деңгейіне дейін су құйыңыз. (Cурет 4)
Суға арналған сыйымдылыққа MAX деңгейі көрсеткішінен артық су құймаңыз.
5 Суға арналған сыйымдылықтың қақпағын жабыңыз («сырт» ете түскенше).
1 Үтікті аяғына тұрғызыңыз.
2 Қажетті үтіктеу температураны орнату үшін, температура дөңгелегін керек ұстанымға
апарыңыз (Cурет 5).
Киімнің этикеткасынан қандай температурада үтіктеуге болатындығын анықтаңыз:
1 Синтетикалық маталар (мысалы акрил, нейлон, полимид, полиестер)
1 Жібек
2 Жүн
3 Мақта, кендір
Егер сіз затыңыздың қандай матадан жасалғанын білмесеңіз, қажетті үтіктеу температурасын,
киімді кигенде көрінбейтін жерін үтіктеу арқылы анықтап алыңыз.
Жібек, жүн және синтетика материалдар: жылтыр іздер қалдырмас үшін, матаның ішкі жағынан
үтіктеңіз. Дақтар қалмасын десеңіз, онда су шашырату функциясын қолданбаңыз. Заттарды
үтіктей бастағанда, алдымен төмен температурада үтіктейтін заттардан бастаңыз, мысалы:
синтетикалық маталардан.
3 Құралды тек жерге тұйықталған, қабырға розеткасына ғана қосуға болады.
Сары температура жарығы жанады.
4 Температураны білдіретін жарық сөнген болса, шамалы күтіп, үтіктей бастаңыз (Cурет 6).
Температураны білдіретін жарық , үтіктеп жатқанда анда санда қайта жанып\сөніп отырады.
Есте сақтаңыз:Алғашқы рет қолданып жатқанда, үтік біраз түтінденуі мүмкін. Сәл уақыттан
соң бұл құбылыс жойылады.
1 Суға арналған сыйымдылықта, жеткілікті мөлшерде су барына көзіңізді жеткізіңіз.
2 Ұсынылған үтіктеу температурасын таңдаңыз («қолдануға дайындық» тармағының
«температураны орнату» бөлімін қараңыз).
3 Қажетті бу бағдарламасын таңдаңыз. Таңдаған бу бағдарламаңыз үтіктеуге таңдаған
температура бағдарламасына сәйкес келетін болсын: (Cурет 7)
1 – 2 бағдарламасы орташа бу (температура бағдарламасы 2 және 3)
3 - 4 көп бу үшін (температура 3 бағдарламасы MAX)
-
-
-
-
,
-
-
43