EasyManua.ls Logo

Philips HP6342 - Қазақша

Philips HP6342
156 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
61

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетінде
тіркеңіз.
Жаңа Philips Ladyshave құралымен денедегі қажетсіз түктерді жылдам,
оңай әрі ыңғайлы алуға болады. Ladyshave құралын құрғақ немесе
ылғалды ортада қолдануға болады. Ваннаға немесе душқа түсу
барысында қырынғанда, қырыну процесі ыңғайлы болу үшін, сабын
немесе қырыну көбігін пайдалануды ұсынамыз. Пайдаланып болғаннан
кейін, Ladyshave құралын ағынды судың астында немесе қосымша
гигиеналық тазалық үшін щеткамен тазалауға болады.

Қырыну торы және алдын ала түзеткіші бар қырыну бөлігі
Қыратын басы
Қосу/өшіру сырғытпасы
Батарея орнының қақпағы
Қорғау қақпағы
Нәтижелі қыруға арналған саптама (тек HP6342 үлгісінде)
3 мм түзету тарағы (тек HP6342 үлгісінде)
Тазалау щеткасы
Көрсетілмеген: қалта (тек HP6342 үлгісінде)

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият
оқып шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.

- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе
құрылғыны пайдалану нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау
қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.


Other manuals for Philips HP6342

Related product manuals