Ladyshave құралы 1,5 вольттік екі AA сілтілі батареясымен жұмыс
істейді. Philips LR6 PowerLife батареяларын пайдалану ұсынылады.
Олардың шамамен 40 минут қырынуға жететін қуаты болады.
Ескертпе: батареяларды салып жатқанда, қолдар құрғақ болуы керек.
Батареядағы сұйықтықтың ағып кетуіне байланысты зақымды
болдырмау жолы:
- Құралды күн сәулесі тікелей түсетін жерде сақтамаңыз.
- Құралды 35° C-тан артық температурада ұстамаңыз.
- Егер құралды бір ай немесе одан көп уақыт бойы қолданбағанда,
батареяларды алып тастаңыз.
- Бос батареяларды құралдың ішінде қалдырмаңыз.
1 Батарея бөлімінің қақпағын ашу үшін, оны құралдан тартып
шешіңіз (Cурет 3).
2 Батареяны ұстағышына салыңыз (Cурет 4).
Ескертпе: батареялардың + және – полюстері дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз.
3 Батарея бөлімінің қақпағын құралға қайтадан салыңыз (сырт
еткен дыбыс естіледі) (Cурет 5).
1 Қыратын басын шешіп алу үшін, құралдың бүйірлеріндегі шешу
түймелерін басып (1), қыратын басты тартып
шешіңіз (2) (Cурет 6).
2 Қыратын басын тағу үшін, оны құралға итеріп кигізіңіз.
Ескертпе: қырыну торын сындырып алмас үшін, оған күш салмаңыз.
HP6342 үлгісінде қорғау қақпағы, тиімді қыру саптамасы және түзету
тарағы болады. HP6340 үлгісімен бірге қорғау қақпағы
63