60
Үйде пицца пісіру: тұздық және бетіне
салынатын азық-түлік
Азық түрлері
Пиццаға салынатын негізгі азық-түлік:
100 г тілімдеп туралған моцарелла
ұсақтап туралған 2 жас насыбайгүл жапырағы
1 болгар бұрышы
50 г шұжық
1 қызыл пияз
қатты ірімшік (пармезан)
Томат тұздығы:
100 мл көкөніс сорпасы
2 ас қасық томат езбесі
2 жас насыбайгүл жапырағы
Дайындау әдісі
1 Пешті ең үлкен температурада қыздырып
алыңыз.
2 Блендер құмырасын құрастырыңыз да,
тұздықтың құрамдастарын құмыраға
салыңыз.
3 Құрамдастарды 1-ші жылдамдықпен 30-60
секунд араластырыңыз.
4 Құмыраны мотор бөліктен алыңыз да, ас
комбайнының шарасына тілімдеп кесетін
қондырманы (дискі) орнатыңыз.
5 Шараға собықты бұрыш, шұжық пен
пиязды салып, 1-ші жылдамдықпен
тураңыз.
6 Үгіткіш қондырмамен (дискі) ауыстырыңыз
да, шараға ірімшік салыңыз.
7 Ірімшікті 1-ші жылдамдықпен үгітіңіз.
8 Пицца қамырын жайыңыз да, үстінен
томат тұздығы мен дайындалған қоспаны
салыңыз.
9 Ыстық пештің ішінде 8-10 минут пісіріңіз.
4 Рецепт
Үйде пицца пісіру: пицца қамыры
Азық түрлері
250 г нан илейтін ұн + жоғары сұрыпты ұн
165 мл жылымшы су
4 г құрғақ ашытқы
½ ас қасық (ақ) қант
½ шай қасыз тұз
Дайындау әдісі
1 Блендер құмырасын құрастырыңыз да,
оған су құйып, ашытқы, қант пен тұз
қосыңыз.
2 Құрамдастарды араластыру үшін
батырманы екі рет басыңыз.
3 Құмыраны мотор бөліктен алыңыз да, 5
минут қоя тұрыңыз.
4 Ас комбайнының шарасына илеу құралын
құрастырыңыз да, шараға ұн салып, тетікті
1-ші жылдамдыққа бұраңыз.
5 Мотор жұмыс істеп тұрғанда ашытқы
қоспасын азық салатын түтікке ақырын
құйыңыз.
6 Қамыр домалақтанғанан кейін илеуді
тоқтатыңыз.
• Егер қамыр тым жұмсақ болса, 1 - 2 ас
қасық ұн қосыңыз.
7 Домалақ қамырды шарадан алыңыз да,
үстіне ұн сеуіп, пластик орауышқа ораңыз.
8 Қыртысының қандай қалыңдығын
қалайтыныңызға қарай, қамырды бөлме
температурасында 10-40 минут тындырып
қойыңыз.
9 Пешті ең үлкен температурада
қыздырыңыз.
10 Пиццаға арналған қамырды ұн себілген
үстелде жайыңыз да, қамырдың үстіне
томат пастасын жағып, моцарелла мен
жас насыбайгүл салыңыз.
11 Пицца қамырын ыстық пеште пісіріңіз.
• Пештің параметрлеріне қарай, пицца
пісіруге 8-10 минут кетеді.