26
Электр эспрессо кофеқайнатқыш
POLARIS
Үлгісі PCM 1536E Adore Cappuccino
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған.
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде толықтай,
мұқият оқып шығыңыз, осы нұсқаулықтың барлық пайдалану ережелерімен мұқият танысыңыз, онда
Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құрылғыны дұрыс пайдалану және оған
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар мен кеңестер берілген.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше,
картон қорапта және орама материалымен бірге сақтаңыз.
1. Жалпы мәлімет
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, PCM 1536E Adore Cappuccino POLARIS сауда таңбасымен
шығарылатын тұрмыстық электр эспрессо кофеқайнатқыш (бұдан әрі мәтін бойынша – кофеқайнатқыш,
құрылғы) жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен, сонымен қатар
құрылғыны сақтау және пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.
2. Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
Бұл эспрессо кофеқайнатқыш электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген
талаптарға сәйкес пайдаланылуы тиіс, яғни құрылғының пайдалануы «Тұтынушылардың электрлі
қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары» бойынша тұтынушылардың электр
қондырғыларын техникалық пайдалану тәртібін айқындайтын ережелерінің талаптарына сәйкес
жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл құрылғы тек қана үй тұрмыс жағдайында, тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс. Бұл
электрлік құрылығыны комерциялық аумақта жоғары жұмыс қарқындылығында ұзақ уақыт бойы
пайдалану, бұл құрылғының шамадан тыс жүктелуiне алып келуі мүмкін, сонымен бірге электрлік
құрылғыны шамадан артық ауыр жүктемеде қолданылуы, оның жұмыс істеу мерзімін азайтып,
істен шығуына немесе зақымдалуына әкеледі, сондай-ақ, пайдаланушының және оның
айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулықтарына да нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұрмыстық электр эспрессо кофеқайнатқыш осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне
сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Бұл құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті
түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз..
Әр жолы құрылғыны іске қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Бұл құрылғының және оның электр
желілік баусымның қандай да бір ақаулығы анықталған жағдайда, құрылғыны электр желіге,
ашалы розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Әр жолы құрылғыны іске қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Бұл құрылғының және оның
электрмен қоректендіретін электр желілік баусымның қандай да бір ақаулығы анықталған
жағдайда, құрылғыны электр желіге, ашалы розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Кофеқайнатқыш құрылғы еденге, жерге құлаған жағдайда, оның көзге анық көрінетін қандай да
бір ақаулығы (зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны қолданбаңыз. Құрылғыда қандай да бір
ақаулығы анықталған жағдайда, оны пайдаланбас бұрын, қызмет көрсету мәселелері бойынша
өкілетті қызмет көрсету орталығының қажетті біліктілігі бар маманға көрсету қажет, оны тек
қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана қарап тексеріп шығуы тиіс.
Егер Сіз кофеқайнатқыш құрылғының жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құрылғыны
пайдаланбаңыз.