Жұмысты бастау
3
Құрылғының сыртқы көрінісі
Индикатор шамы
Ысыру/батарея
деңгейі түймесі
Зарядтағыш порты
USB зарядтағыш
порты
Бау
USB кабелі
Шағын USB ағытпасы
Батареяны зарядтау
Батареяны зарядтау кезіндегі кеңестер мен сақтық
шаралары
•
Батареялар топтамасын зарядтағышты (бөлек сатылады) пайдаланып зарядтауға болады.
•
Пайдаланылатын зарядтағыш түріне қарай шағын USB ағытпасын пайдалану керек болуы
мүмкін.
•
Компьютер сияқты зарядтағыштан ерекшеленетін қуат көзін пайдалану токтың ең төмен
жылдамдығы себебінен зарядтау жылдамдығының төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Батарея топтамасын зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны толық
зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
•
Зарядтау кезінде батарея топтамасы қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және
батарея топтамасының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Егер
батарея әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін.