EasyManua.ls Logo

Samsung Level U2 - Page 119

Samsung Level U2
174 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
1
Негіздер
Жұмысты бастамас бұрын оқыңыз
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Сипаттамалар әдепкі құрылғының параметрлеріне негізделген.
Аймаққа, үлгі сипаттамаларына немесе құрылғының бағдарламалық жасақтамасына байланысты
кейбір мазмұн құрылғыңызда өзгеше болуы мүмкін. Суреттер нақты өнімнен ерекшеленуі
мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Құрылғы туралы ақпаратты және т.б.
көру үшін www.samsung.com парақшасына кіріңіз.
Басқа мобильді құрылғыларды пайдалану алдында олардың құлаққаппен үйлесімді болғанын
тексеріңіз.
Құрылғыға қосылатын мобильді құрылғының өндірушісіне және үлгісіне байланысты, оның
кейбір функциялары осы нұсқаулықта сипатталғандай жұмыс істемеуі мүмкін.
Бұл өнім кейбір тегін/ашық көзден алынған бағдарламалық құралдарды қамтиды. Осы өнімде
пайдаланылған бастапқы коды ашық бағдарламалық құралдың лицензиясы туралы ақпаратты
opensource.samsung.com парақшасынан көре аласыз.
Нұсқаулық белгішелер
Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар
Абайлаңыз: құрылғыны немесе басқа жабдықты бұзуы мүмкін жағдайлар
Ескерім: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат
Қазақ тілі
1

Related product manuals