EasyManua.ls Logo

Samsung The Frame LS03A - Page 21

Samsung The Frame LS03A
44 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Қазақ
ТД-ды күтіп ұстау
Осы құрылғыны тазалау үшін қорек сымын розеткадан
ағытыңыз да, жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз. Балауыз,
бензол, спирт, сұйылтқыш, құрт-құмырысқаға қарсы
құрал, ауа тазартқыш, лубрикант немесе жуғыш зат
тәрізді химиялық құралдардың ешбірін қолданбаңыз.
Бұл химиялық заттар ТД-дың сынын бұзуы немесе өнімге
басылған жазуларды өшіруі мүмкін.
ТД корпусының сыртын және экранын тазалаған кезде
сызат түсуі мүмкін. Құрылғы корпусының сыртына және
экранына сызат түспеу үшін жұмсақ шүберекпен сүртуді
ұмытпаңыз.
ТД-ға су немесе кез келген сұйық затты тура шашпаңыз.
Құрылғыға кірген кез келген сұйық зат оны бүлдіруі, өртке
себеп болуы немесе электр қатерін тудыруы мүмкін.
01 Қорап ішінде не бар?
Келесі бөлшектердің теледидар жинағына кіретініне көз
жеткізіңіз. Керек-жарақтардың бірі жетіспесе, дилерге
хабарласыңыз.
Samsung Smart қашықтан басқару пульті
Пайдаланушы нұсқаулығы
Кепілдік түбіртегі / Реттеуші құжаттама (кейбір жерлерде
болмайды)
One Connect қорапшасы
One Connect қорапшасының қуат кабелі
One Invisible Connection
Батареялардың түрі үлгіге қарай әр түрлі болуы мүмкін.
Элементтердің түсі мен формасы теледидар үлгісінің
түріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Жинаққа кірмеген сымдарды жеке сатып алуға болады.
Қорапты ашқан кезде керек-жарақтардың орам
материалдарының артқы жағында немесе ішінде қалып
қоймағанына көз жеткізіңіз.
Ескерту: Дұрыс ұстамаған кезде түскен
салмақтың әсерінен экранға зақым келуі
мүмкін. Теледидарды суретте көрсетілгендей
екі шетінен ұстап көтеруді ұсынамыз.
Бұл экранға
қол тигізбеңіз!
02 Теледидарды One Connect
қорапшасына жалғау
One Connect қорапшасы арқылы жалғау жолы туралы
қосымша ақпаратты Жылдам орнату нұсқаулығы құжатынан
қараңыз.
One Connect қорапшасын төңкеріп немесе
тігінен пайдаланбаңыз.
Кабельге келесі әрекеттердің ешбірі
жасалмауы керек. One Invisible Connection
желісінде қуат тізбегі бар.
Майыстыру Бұрау Тарту
Басу
Электр қатеріне
ұшырау
1-ШІ СЫНЫПҚА ЖАТАТЫН ЛАЗЕР ҚҰРЫЛҒЫСЫ (One
Invisible Connection)
Назар салыңыз - ашқан кезде көзге көрінбейтін лазер
сәулесі шығады. Сәулеге қадалып қарамаңыз.
One Invisible Connection кабелін қатты
майыстырмаңыз. Кабельді кеспеңіз.
Кабельдің үстіне ауыр зат қоймаңыз.
Кабель қосылымдарының ешқайсысын
бөлшектемеңіз.
Назар салыңыз - Осы нұсқаулықта айтылмағана басқару
құралдарын, түзету немесе пайдалану процедураларын
пайдалансаңыз, қауіпті сәуле әсеріне ұшырайсыз.
Қазақ - 5

Related product manuals