Ақаулықты түзету және жөндеу
Ақаулықты түзету
Егер ТД-да ақау бар сияқты болса, әуелі осы ықтимал ақаулықтар мен шешімдер тізімін қараңыз. Сондай-ақ, эл.
нұсқаулықтың Ақаулықты түзету бөлімін қараңыз. Егер ақаулықты түзету үшін берілген кеңестердің біреуі де көмектеспесе,
“www.samsung.com” торабындағы Қолдау пәрменін басыңыз немесе осы нұсқаулықтың артқы мұқабасындағы тізімде
көрсетілген байланыс орталығына қоңырау шалыңыз.
- Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі технология бойынша жасалған кіші пикселдер қолданылды.
Дегенмен, экранда шамалы жарық немесе күңгірт пикселдер бар болуы мүмкін. Бұл пикселдер құрылғы жұмысына
әсер етпейді.
- ТД-ды оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламалық жасақтаманы соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз. Қазір жаңарту
немесе Автоматты жаңарту функцияларын ТД мәзірінен (
> Баптаулар > Қолдау > Бағдарламалық құралды
жаңарту > Қазір жаңарту немесе > Баптаулар > Қолдау > Бағдарламалық құралды жаңарту > Автоматты
жаңарту) арқылы қолданыңыз.
ТД іске қосылмайды.
•
АТ сымының қабырғадағы розеткаға және ТД-ға мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
•
Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына және ТД-ға қуат индикаторы қанық қызыл түспен жанып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
•
ТД-дың Қуат түймесін басып, ақаулықтың қашықтан басқару пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер ТД
қосылса, төмендегі “Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді” тармағын қараңыз.
Сыртқы құрылғыдан сурет/бейне/дыбыс немесе бұрмаланған сурет/бейне/
дыбыс шығып тұрған жоқ немесе ТД-да "Сигнал әлсіз не жоқ" хабары
көрсетіледі немесе арнаны таба алмай тұр.
•
Қосылымның құрылғыға дұрыс жалғанғанына және барлық сымдардың толық қосылғанына көз жеткізіңіз.
•
ТД-ға және сыртқы құрылғыларға қосылған барлық сымдарды ағытып, қайта жалғаңыз. Егер мүмкін болса жаңа
сымдарды қолданыңыз.
•
Дұрыс сигнал көзінің таңдалғанын ( > Сигнал көзі) растаңыз.
•
Ақаулық ТД немесе құрылғыдан екенін анықтау үшін ТД-дың өзіндік диагностикасын орындаңыз. ( > Баптаулар
> Қолдау > Өзін-к диагностика > Сурет сынағын бастау немесе Дыбыс сынағын бастау).
•
Сынақтың нәтижелері қалыпты болса, барлық қосылған құрылғының қуат сымын ағытып, қайта жалғап құрылғыларды
қайта іске қосыңыз. Мәселе сонда да шешілмесе, қосылған құрылғының пайдаланушы нұсқаулығындағы қосылымды
жүзеге асыру нұсқауын қараңыз.
•
ТД кабель қорапшасына немесе жерсерік ресиверіне қосылмаса, Автоматты баптау функциясын арналарды іздеу
үшін ( > Баптаулар > Тарату > Автоматты баптау) қосыңыз.
Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.
•
Қашықтан басқару пультіндегі Қосу түймесін басқанда,ТД-ға қуат индикаторының жыпылықтап тұрғанын-тұрмағанын
тексеріңіз. Егер жыпылықтамаса, қашықтан басқару пультіндегі батареяларды ауыстырыңыз.
•
Батареялардың полюстерінің (+/–) дұрыс бағытта орнатылғанына көз жеткізіңіз.
•
Қашықтан басқару пультін ТД-ға 5-6 фут (1,5~1,8 м) қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.
Кабель немесе жерсерік ресиверінің қашықтан басқару пульті, ТД-ды іске
қоспайды не сөндірмейді немесе дыбысын реттемейді.
•
Кабель немесе жерсерік ресиверінің қашықтан басқаратын пультін, ТД-ды басқаратын етіп бағдарламалаңыз.
SAMSUNG ТД кодын, Кабель немесе жерсерік ресиверінің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Казақ - 6
Казақ - 7
Казақ
K6300_RU_BN68-07871H-00_L04.indb 7 2016-04-15 오후 6:20:48