Аударылып кетуден сақтау - ТД-ды қабырғаға бекіту
Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға мықтап
бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз.
✎
Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді қосымша
зат қажет болуы мүмкін.
✎
Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау құрылғымен бірге
жеткізілмейтіндіктен оларды жеке сатып алу қажет.
Бұрандаларды теледидардың артқы орта жағынан алыңыз
да, қапсырмаға салыңыз, содан соң бұрандаларды қайтадан
теледидарға бекітіңіз.
✎
Бұрандалар құрылғымен бірге жеткізілмеуі мүмкін. Мұндай
жағдайда, келесі техникалық сипаттамаға ие бұрандаларды
сатып алуды сұраймыз.
✎
Бұранданың техникалық сипаттамасы
• 75 дюйм үшін: M8
Теледидарға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген
қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап, содан соң мықтап
байлаңыз.
✎
− ТД артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таяу орнатыңыз.
− Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма мен теледидарға бекітілген қапсырма бір деңгейде
не одан төменірек тұру үшін оларды сыммен қосып байлаған дұрыс.
− Сымды ТД-ды жылжытпай тұрып шешіңіз.
Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қосылымдардың босап не ескіріп
қалмағанын мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қосылымдардың берік екендігіне күмәндансаңыз, білікті
маманға хабарласыңыз.
Қабырға
[UF6300-RU]BN68-04881U-03L04.indb 18 2014-01-15 1:52:24