EasyManua.ls Logo

Stihl MH 585 - Page 462

Stihl MH 585
486 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
0478 403 9802 B - KK
460
STIHL компаниясының түпнұсқа
құралдары, керек-жарақтары мен
қосалқы бөлшектері өз қасиеттері
бойынша құрылғы үшін оңтайлы жəне
пайдаланушының талаптарына сай
келеді. STIHL түпнұсқа қосалқы
бөлшектерін STIHL қосалқы бөлшек
нөмірі, STIHL атауы жəне қажет
болғанда STIHL қосалқы бөлшек коды
бойынша анықтауға болады. Ұсақ
бөлшектерде тек бөлшек нөмірі ғана
болуы мүмкін.
Қауіпсіздік түсінігіне орай, жанармай
беру жүйесімен байланысты барлық
бөлшектердің (жанармай құбырлары,
жанармай шүмегі, жанармай багы, бак
қысқышы, жалғағыштар) зақымдалған
жəне тамшылайтын жерлерін үнемі
тексеріп тұрып, қажет болған жағдайда,
оларды ауыстыру үшін маманды
шақырыңыз (STIHL компаниясы STIHL
делдалдарының қызметіне жүгінуді
ұсынады).
Ескерту жəне нұсқау жапсырмалары
əрқашан таза жəне оқылатын күйде
болуы керек. Зақымдалған немесе
жоғалған жапсырмаларды STIHL
делдалдарының жаңа түпнұсқа
жапсырмаларына ауыстырыңыз.
Бөлшекті жаңасына ауыстырған кезде,
жаңа бөлшекте дəл сондай
жапсырманың бар болғанына көз
жеткізіңіз.
Барлық гайкалар, бұрандамалар мен
бұрандалар жақсылап тартылғанын
жəне құрылғының қауіпсіз əрі қалыпты
күйінде тұрғанын байқаңыз.
Қозғалтқыштың негізгі реттелген күйін
ешқашан өзгертпеңіз жəне оны тым
жоғары айналыстарда қолданбаңыз.
Егер техникалық қызмет көрсету кезінде
қандай да бір бөліктер немесе
қорғаныш құрылғылары алынып
тасталса, нұсқаулықтың талабына
сəйкес оларды орнына орнату қажет.
Жұмыс құралын (қопсытатын
жұлдызшаларды) ауыстырған кезде
жұлдызшаның түрін жəне тіркесімін
қадағалаңыз тек қана STIHL
компаниясы растаған нұсқаларды
қолдануға болады.
4.8 Ұзақ мерзім бойы сақтау
Шапқышты жабық үй-жайға апарар
алдында, моторды суытыңыз.
Жағармай багы босатылған шапқышты -
жабылатын жəне жақсы желдетілетін
үй-жайда сақтаңыз.
Оқымаған адамға (мысалы, балаларға)
ұсақтағышпен жұмыс істеуге тыйым
салынған.
Багында бензині бар құрылғыны
ғимараттың ішінде ешқашан
сақтамаңыз. Пайда болатын бензин
булары, жанып тұрған отпен немесе
ұшқынмен түйісіп, кейін тұтанып кетуі
мүмкін.
Жағармай багын босату қажет
болғанда, мысалы, қыс маусымында
шапқышты қолданыстан уақытша
шығару алдында, бұл əрекетті тек таза
ауада орындаңыз (барлық жағармайды
жұмсап бітіргенше қозғалтқышты іске
қоспаңыз).
Ұзақ уақыт сақтау алдында
(мысалы, қыс айларында) құрылғыны
мұқият тазарту қажет.
Шапқышты сақтағанда, ондағы
тұтандыру білтесінің түйіспелі ұштығын
алып шығарып қойыңыз.
Құрылғыны тек жұмысқа жарамды
күйінде ғана пайдаланған жөн.
Құрылғыны бүркеп қояр алдында, оны
суытыңыз.
4.9 Пайдаға асыру
Ескі май немесе жанармай сияқты
қалдықтар, қолданылып болған
материалдар, сүзгілер, аккумуляторлар
жəне басқа да тез тозатын бөлшектер
адамға, жануарларға жəне экологияға
зиян келтіруі мүмкін, сондықтан тиісті
тұрпатта кəдеге жаратылуы керек.
Қалдықтарды қалайша кəсіби түрде
пайдаға асыруға болатындығын білу
үшін қайта өңдеу орталығыңызға
немесе делдалдарға жүгініңіз. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
Ауыстырылған агрегат нұсқаулыққа
сəйкес пайдаға асырылатынына көз
жеткізіңіз. «Қоршаған ортаны қорғау»
бөліміндегі нұсқауларды ұстаныңыз.
(Ö 14.)

Table of Contents

Related product manuals