473
AZKK
0478 403 9802 B - KK
● Іштен жанатын қозғалтқыш:
Іштен жанатын қозғалтқыштың дұрыс
суытылуын қамтамасыз ету үшін,
суыту қабырғаларын, желдеткіш
қалқаншаларын, ауа сүзгісінің
маңындағы кеңістікті жəне т.б.
жиналып қалған балшықтан
тазалаңыз.
● Беру былғары қаптамасын,
трансмиссия корпусын жəне
жұмыс құралын сумен немесе
жоғары қысымды тазалағыш
құралмен тазалауға болады.
12.3 Іштей жанатын қозғалтқыш
Техникалық қызмет көрсету
мерзімділігі:
Əр ретте қолданар алдында
Майдың деңгейін тексеріп тұрыңыз
(қозғалтқышты пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты қараңыз).
Іштен жанатын қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі кез келген
нұсқаулықтан Сіз таба алатын
пайдалану жəне қызмет көрсету
жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын
сақтаңыз.
12.4 Қызмет көрсету аралығы
Делдал тарапынан техникалық
қызмет көрсету:
Жеке пайдаланушылар үшін жыл
сайын
Қозғауыш кішкентай кетпенге делдал
техникалық қызмет көрсетуі тиіс. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
Пайдаланушы тарапынан
техникалық қызмет көрсету:
● Əрбір пайдаланудан бұрын
Мотор майының деңгейін тексеру
(іштен жанатын қозғалтқыштың
пайдалану жөніндегі нұсқаулығын
қараңыз)
● Əр қолданған соң
Құрылғыны тазалаңыз. (Ö 12.2)
12.5 Сақтау жəне қолданыстан
шығару (қысқы уақытта)
Қозғауыш кішкентай кетпенді
қалыпты күйде сақтаңыз (тасымалдауға
арналған доңғалақтар ажыратылған).
Сақтауда орын үнемдеу үшін бас
тұтқаны көрсетілгендей алға түсіріңіз.
Құрылғыны құрғақ, жабық əрі шаңнан
қорғалған жерде сақтаңыз. Құрылғының
балалардың қолы жетпейтін жерде
орналасқандығына көз жеткізіңіз.
Сақтауға қоюдан бұрын барлық ақаулар
əрдайым жойылуы керек. Құрылғы
əрдайым пайдалануға қауіпсіз күйде
болуға тиіс. Барлық гайкаларды,
болттарды жəне бұрандаларды берік
бұрап бекітіңіз, құрылғыдағы анық емес
қауіп жəне ескерту нұсқауларын
ауыстырыңыз, машинада тозған жəне
зақымдалған жерлердің бар-жоғын
толығымен тексеріңіз. Тозған жəне
зақымдалған бөлшектерін
ауыстырыңыз.
Құрылғыны ұзақ мерзімге қолданыстан
шығарған кезде (қысқы уақытта)
төмендегілерге қосымша назар
аударыңыз:
● Құрылғының барлық сыртқы
бөлшектерін мұқият тазалап
шығыңыз.
● Отын багын жəне карбюраторды
босатыңыз.
Құрылғының зақымдалуына
жол бермеңіз!
Жоғары қысымды тазалағыш
құралды пайдаланған кезде кем
дегенде 1м арақашықтықты
сақтаңыз жəне суды еш уақытта
мойынтіректерді орнатқан жерге,
жетек білігі мен тығыздауыштарға
– əсіресе трансмиссия корпусы
мен қорғайтын қалқанша
арасына бағыттамаңыз.
Құрылғының зақымдалуына
жол бермеңіз!
Беріліс қорабындағы техқызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды
тек қана делдал өткізуі керек.
30
Аударылып кету қаупі бар!
Қопсытатын жұлдызша қолайсыз
позицияда орналасқан кезде
қозғауыш кішкентай кетпен артқа
аударылып кетуі мүмкін.
Сондықтан қозғауыш кішкентай
кетпеннің қауіпсіз күйін əрдайым
қадағалап тұрыңыз.
Қажет болса, алдыңғы бөлігіне
түсетін ауырлықты азайту үшін
қопсытатын жұлдызшаларды
аздап бұраңыз. Сондай-ақ,
қозғауыш кішкентай кетпенді
сақтау кезінде ауыстыруға
арналған тұтқа жағынан тіреуге
болады.