78
ҚУАТ КӨЗІНЕ ҚОСУ
ҚОЛДАНУ
• Жазық, тұрақты, ыстыққа төзімді және су шашырамайтын
жерге орналастырыңыз...
• Ыдысы бос болса немесе ыдысынсыз қолдануға болмайды.
• Құрылғыны келесі жағдайларда қолданбаңыз:
–құрылғы немесе қуат сымы зақымданғанда.
–құрылғы құлап қалса, көзге көрінетін зақымдар болса
немесе дұрыс жұмыс істемесе.
–Егер жоғарыда көрсетілген оқиғалардың бірі орын алса,
құрылғыны өкілетті қызмет көрсету орталығына жіберу
қажет. Құрылғыны өздігіңізден бөлшектемеңіз.
• Қуат сымын салбыратып қоймаңыз.
• Құрылғыны әрқашан жерге тұйықталған қуат көзіне
жалғаңыз.
• Электр ұзартқышын қолданбаңыз. Ондай жауапкершілікті
өз мойыныңызға алсаңыз, күйі жақсы, жерге тұйықталған
ашасы бар және құрылғының қуат талаптарына сай
ұзартқышты ғана қолданыңыз.
• Құрылғыны қуат көзінен қуат сымын тарту арқылы
ажыратпаңыз.
• Келесі әрекеттерден кейін құрылғыны әрқашан қуат
көзінен ажыратыңыз:
–қолданып болған сәтте,
–оны қозғалту барысында,
–кез келген тазалау жұмысы немесе техникалық
қызметтерді көрсету алдында.
–егер ол дұрыс емес жұмыс істеген жағдайда
–Қараусыз қалдырылса және құрастыру, бөлшектеу немесе
тазалау алдында әрқашан құрылғыны ажыратыңыз.