EasyManua.ls Logo

Unit USP-1070D - Қазақша

Default Icon
22 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
KAZAKH
25
RUSSIAN
24
Ремонт и восстановление прибора следует производить в специализированных
мастерских, согласно гарантийному талону.
Поскольку производитель постоянно работает над совершенствованием своей
продукции, дизайн и технические характеристики могут быть изменены
без предварительного уведомления.
Товар сертифицирован
ЭЛЕКТРЛІК ЖЫЛДАМ ПІСІРГІШ
USP-1070D
Сізге UNIT фирмасының бұйымын сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Назар аударыңыз! UNIT фирмасының бұйымын сатып алған кезде, Сіз сатушыдан
толтырылған кепілдеме талонын алуыңыз керек. Тек ол болған жағдайда
ғана, Сіз UNIT тұрмыстық техникасының барлық сервистік орталықтарында
өндірушінің кепілдемесін пайдалана аласыз.
ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНАРДАН БҰРЫН БҮКІЛ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ.
ҚҰРАЛДЫҢ МАҚСАТЫ
Құрал әртүрлі тағамдарды қысым астында пісіруге арналған.
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ
НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ.........................................................................................................25
ҚҰРАЛДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ ................................................................................................27
ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ..................................................................................................................29
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ ................................................................................................................31
ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ.........................................................................................................................31
ҚАҚПАҚТЫ ЖАЛҒАУ ЖӘНЕ АЖЫРАТУ.................................................................................................34
БУДА ПІСІРУГЕ АРНАЛҒАН ТОРДЫ ПАЙДАЛАНУ...................................................................................35
СУЫТУ ЖҮЙЕСІ ......................................................................................................................................35
ТАЗАЛАУ................................................................................................................................................36
ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТУЫНДАУЫНЫҢ ЫҚТИМАЛ..36
СЕБЕПТЕРІ ...........................................................................................................................................36
НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР .............................................................................................37
НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құралды пайдалану кезінде, өрттің, электр тогының соғуының және / немесе қандай да болмасын
басқа жарақаттанудың алдын алу үшін, келесі ережелерді қоса отырып, үнемі қауіпсіздік
техникасын сақтау керек:
Құралды пайдалана бастау алдында берілген нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
Дайындау барысында тұтануы мүмкін тағамдарды (тез тұтанатын өнімдерді) дайындау үшін
жылдам пісіргішті ешқашан пайдаланбаңыз.
Құралды жылыту құралдары, газ және электр пештері сияқты жылу көздерінің жанына
орналастырмаңыз. Құралды ылғалдылығы жоғары жерлерде пайдаланбаңыз.
Ішкі тостағанға салынатын азықтар мен сұйықтық мөлшері «Құралды пайдалану» бөлімінің
2 тармағында ұсынылған мөлшерге сай болуы тиіс (2,3 суретті қараңыз). Ішкі тостағанға
«Құралды пайдалану» бөлімінің 2 тармағында ұсынылған мөлшергден артық азықтар және /
немесе сұйықтық салуға қатаң тыйым салынады (2,3 суретті қараңыз).
Егер де тығыздауыш шығыршықтың қандай да болмасын зақымданулары болса, құралды
пайдалануға қатаң тыйым салынады. Құралды осы жылдам пісіргішпен бірге берілген
тығыздауыш шығыршықпен ғана пайдалану қажет. Тығыздауыш шығыршық ретінде басқа
шығыршықты немесе затты ешқашан пайдаланбаңыз.
Ішкі болат шығыршықты қолмен немесе қандай да болмасын затпен ешқашан бұрамаңыз
және пішінін өзгертпеңіз. Ішкі болат шығыршықтың қандай да болмасын зақымданулары
болса, сонымен қатар Шығыршық жылжып кетсе немесе ол жоқ болса, құралды пайдалануға
тыйым салынады. Болат шығыршық зақымдалғанда немесе болмаған жағдайда, Қақпақты
жөндеу немесе ауыстыру үшін, UNIT сервистік орталығына жүгініңіз. Сонымен қатар, Ішкі
болат шығыршықтың зақымдануы, пішінін өзгертуі және жылжуы себебінен болған Қақпақты
жөндеу немесе ауыстыру кепілдемелік оқиға болып саналмайды.
Сақтандырғыштың ластануына жол бермеңіз. Сақтандырғышты ластанудан жиі тазалап
отырыңыз.
www.unit.ru