18
дабыл беріледі, жарықтық индикатор көк
түспен жанады және жанып-өшіп тұрады.
Бойлердегі судың қызуын күтіңіз, жарықтық
индикатор тұрақты жанып тұрады.
• « » суды қолмен беру түймесін (10)
басыңыз, осы кезде сорғыш 3 секундқа
іске қосылады, кідірісітен кейін сорғыш
іске қосылады және су тұрақты беріле
бастайды. Тостаған суға толған кезде (10)
«
» түймесін басып, су беруді қайталап
сөндіріңіз, суды тостағаннан төгіп тастаңыз.
• Тостағанның көлеміне байланысты бұл
шараны бірнеше рет қайталаңыз, содан
кейін бойлер жуылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– Сүзгі ұстауышын (7) кофеқайнатқыш
жұмыс істеп тұрғанда шешуге тыйым
салынады.
– Сүзгі ұстауышын (7) шешу үшін ұстауышын
тұтқасын сол жаққа тірелгенге «
» дейін
бұраңыз және ұстауышты (7) шешіңіз.
Түтік-капучинаторды (4) жуу
• Ыдыста (2) судың жеткілікті екеніне көз
жеткізіңіз.
• Тиісті тостағанды түтік-капучинатордың (4)
астына қойыңыз.
• « » түймесін (13) басып, кофеқайнатқышты
іске қосыңыз.
• Буды беруді қосу үшін (9) « » түймені
басыңыз, осы жерде жарықтық индикатор
қызыл түспен жанады және жанып-өшеді,
жарықтық индикатордың жанып-өшкенін
және тұрақты жанғанын күтіңіз.
• «OFF--+» бу беру реттегішінің тұтқасын (3)
баяу бұраңыз, бу түтік ұштамадан (5), түтік-
капучинатордан (4) шыға бастайды, шығып
жатқан бумен жұмыс жасаған уақытта сақ
болыңыз, 10-15 секундтан кейін реттегіш
тұтқасын (3) «OFF» күйіне белгілеңіз.
• Түймені (13) « » басып, кофеқайнатқышты
сөндіріңіз.
• Табандық торын (6) шешіңіз, табандықты
шығарыңыз, табандықтан суды төгіңіз және
оны орнына орнатыңыз, торды (6) орнына
орнатыңыз.
• Кофеқайнатқыш кофе қайнатуға дайын.
ЭСПРЕССО КОФЕСІН ӘЗІРЛЕУ
• Ыдысты (2) шешіңіз, оған суық суды
«МАХ» белгісіне дейін құйыңыз және
орнына орнатыңыз. Ыдыстағы (2) судың
деңгейі «MIN» белгісінен төмен түспеуін
қадағалаңыз, суды ыдысқа (2) тұрақты
толтырып тұрыңыз.
• Үгетілген кофені сүзгішке (15) салыңыз,
өлшейтін қасықты (16) пайдаланыңыз,
кофені өлшейтін қасықтың (16) кері жағымен
тығыздаңыз.
• Сүзгішті ұстағышты (7) оны орнататын
орынға орнатыңыз. Сүзгіштің ұстағышын (7)
шығыңқылары бойлердің ойықтарына «
»
сәйкес келуі керек, содан кейін сүзгіштің
ұстағышының (7) тұтқасын тірелгенге дейін
«
» оңға қарай бұраңыз.
• Тостағанды табандық торына (6) қойыңыз.
• Желілік баудың айырын розеткаға салыңыз.
• Кофеқайнатқышты (13) « » түймесін басып
қосыңыз, осы жерде дыбыстық дабыл
беріледі, жарықтық индикатор көк түспен
жанады және жанып-өшіп тұрады.
• Бойлердегі судың қызуын күтіңіз, жарықтық
индикатор тұрақты жанып тұрады.
Ескерту: - пайдаланылатын тостағандарды
алдын-ала ысыту қажет, бұл үшін
тостағанды ысытуға арналған алаңшаға (14)
қойыңыз, бойлерде су қызған уақытта алаңша
(14) қызады, сол кезде тостағандар ысиды.
– Кофенің бір порциясын әзірлеу үшін (12)
түймесін «
» басыңыз, осы кезде сорғыш
кофені алдын-ала сулап, 3 секундқа іске
қосылады, кідірістен кейін сорғыш іске
қосылады және 15 секунд бойы жұмыс
істейді, су беру аяқталғанның алдында
дыбыстық дабылдар беріледі.
– Қос порциялы эспрессо кофесін әзірлеу үшін
(11) түймені «
» басыңыз, осы жағдайда
торға (6) көлемі үлкен тостағанды немесе
екі шағын тостағанды орнатыңыз. Түймені
(11) басқан кезде сорғыш кофені алдын-ала
сулап, 3 секундқа іске қосылады, кідірістен
кейін сорғыш іске қосылады және 30 секунд
жұмыс істейді, су беру аяқталардың
алдында дыбыстық дабылдар беріледі.
– Кофені қолдан дайындау үшін су беру
түймесін (10) «
» басыңыз, осы жерде
сорғыш 3 секундқа қосылады, үзілістен
кейін сорғын іске қосылады және су тұрақты
беріле бастайды. Тостаған дайын кофеге
толғаннан кейін су беруді тағы да өшіріңіз,
ол үшін (10) «
» түймесін басыңыз.
Ескертпелер:
– егер эспрессо кофесін әзірлеу уақытында
әзірлеуді тоқтату қажеттілігі туындаса,
бұл жағдайда түймені (11 «
» немесе 12
«
») қайталап басыңыз.
IM VT-1508.indd 18 28.05.2019 14:44:00