Тағамның мəні
Ет
Сүйек еті
Əдепкі қалпы бойынша уақыт
Сорпа
Дірілдек/
Бұршақ
тұқымдастар
Бұқтыру
Қуыру
Ботқа/
Күріш
Дайындаудың ең төмен уақыты
Дайындаудың ең жоғары уақыты
Дайындау уақытын реттегіштің көмегімен өздігінен орнатуға болады. Сізге қажетті бағдарламаны таңдаңыз. Реттегішті басып, оны
дайындау уақытын арттыру үшін сағат тілінің бойымен жəне азайту үшін сағат тіліне қарсы айналдырыңыз. Əрбір айналу уақытты 1
минутқа арттырады/азайтады. Уақытты өзгерткен соң, дисплей 5 мəрте жыпылықтауды көрсетіп, кейін мультипісіргіш жұмыс режиміне
ауысып, жұмысты автоматты түрде бастайды. Кейінге қалдырылған старт – «Уақыт» батырмасы сіз дайын тағамды алғыңыз келген
уақытты орнатуға мүмкіндік береді (мысалы, егер де сіз дайын тағамды 2 сағаттан кейін алғыңыз келсе, 02:00 уақытын орнатыңыз.
Микропроцессор берілген бағдарламаны іске қосады, тағам таймер қайта есепті аяқтаған кезде дайын болады). Батырманы əр басқан
сайын кейінге қалдыру уақыты 30 минутқа артады.Берілген бағдарламаны немесе уақытты жою. Сіз дайындау процесінің басталу
уақытын немесе сіз берген уақытты жойғыңыз келсе, реттегішті басыңыз. Қажетті бағдарламаны қайта таңдау немесе уақытты беру
үшін реттегішті тағы бір мəрте басыңыз. Дисплейде «00:00» шығады. Сізге қажетті бағдарламаны таңдаңыз, уақытты тағы бір мəрте
ұлғайтыңыз/азайтыңыз. Мультипісіргіш режимі. Мультипісіргішті бағдарламалауды аяқтаған соң, немесе дайындауды кейінге қалдыру
уақыты аяқталғаннан кейін мультипісіргіш жұмыс режиміне ауысады. Жұмыстың басталуына дисплейде «P:ХХ» форматындағы
ақпараттың көрсетілуі дəлел болады, мұндағы ХХ- тағамды дайындаудың белгіленген уақыты. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дайындау
процесінде берілген уақытты өзгертуге болмайды. Жұмыс басталған соң, мультипісіргіш өнімдерді жылытып, оларды дайындауға қажетті
қысымды жинайды. Қысым қажетті мəнге қол жеткізген соң, мультипісіргіштің қорғауыш қақпақшасы іске қосылады, ол ішінде будың
шамадан тыс қысымы сақталғанша, оны ашуға мүмкіндік бермей, қақпақты бұғаттайды. Тағамды дайындау процесі мультипісіргіштің
дисплейінде «P:ХХ» түрінде көрсетіледі, мұндағы P-мультипісіргіште қажетті қысым жасалу индикаторы, ал ХХ- дайындау аяқталғанға
дейін қалған минуттағы уақыт. Дайындау процесі аяқталған соң, мультипісіргіш дыбыс белгісін (3 мəрте) береді, дисплейде «bb»
көрсетіледі. Осыдан соң мультипісіргіш температураны сақтау режиміне автоматты түрде ауысады. Бұл ретте жылыту индикаторы жанады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер де дайындау процесінде сіз дыбыс белгісін естіп, дисплейде қателік кодының белгісі көрсетілсе, құралды
дереу электр желісінен сөндіріп, сервис орталығына жүгініңіз.
Қателік коды:
E1- сенсорлық бергіш электр сұлбасы сөніп тұр.
E2- сенсорлық бергіштің тұйықталуы.
E3- құрал қызып кетті.
E4- ажыратқышты бұғаттау белгісі.
Дайындаудың аяқталуы.
Құрал ішіндегі қысымды төмендету үшін қақпақшаны ашу батырмасын басыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қысымды төмендетуге арналған қорғауыш қақпақшаны ашқан кезде будың шығуы мүмкін! Күйікті болдырмау
үшін құрал үстінде еңкеймеңіз жəне саусақтарыңыздың қысымды арылту қақпақшасының тесіктеріне тимеуін бақылаңыз.
Дайындау процесі аяқталған соң, температураны сақтаудың «Жылыту» индикаторы жанған соң, қысымды дереу төмендетуге кеңес
берілмейді. Қорғауыш қақпақшасы төменгі қалпында болмағанша, құралдың суығанын күтіңіз. Аталған қағиданы сақтамау будың шығуына
жəне күйікке əкеп соғуы мүмкін. Құралды электр желісінен ажыратыңыз, айырын розеткадан алып шығыңыз.
Қақпағын тұтқасынан алыңыз, қақпағын Сіз құрал корпусы мен қақпағы арасындағы бекітілуі босаңсығанын естігенше, сағат тілінің
бойымен айналдырыңыз. Қақпағын құралдан шешіп алыңыз. Өнмдерді (дайын өнімді) тостағаннан алып шығыңыз. Тостағанды пайдалану
кезіндегі сақтық шаралары. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ішкі тостағанның бетінің тиянақты жəне ұқыпты пайдалануды қажет ететін күйікке қарсы
арнайы беті бар. Араластыру үшін ағаш немесе арнайы пластмасс күрекшені пайдаланыңыз. Кəстрөлге сіркесуды құймаңыз, бұл бетін
зақымдауы мүмкін. Біраз уақыттан соң, тостаған сумен жəне жуғыш құралдармен байланысқа түскендіктен, түсін өзгертуі мүмкін, бұл
қалыпты құбылыс жəне мультипісіргіш еш қауіпсіз əрі қарай қолданыла алады.
ТАСЫМАЛДАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне/немесе қаптамасының сақталуын қамтамасыз ететін, жүктерді бекіту
жəне бұдан əрі қауіпсіз пайдалану ережелерін пайдалана отыра, жабық көліктің кез келген түрімен тасымалдау қажет. Бұйымның
жəне/немесе ораманың тауарлық түрін сақтауды қамтамасыз ететін жүктерді бекіту ережелерін қолдана отырып, жабық
көліктің кез келген түрімен аспапты тасымалдау қажетжəне оны одан əрі қауіпсіз пайдалану. Сондай-ақ кез келген көлік түрімен
тасымалдау кезінде қаптаманың кез келген түріне не бұйымға ылғалдың кіру мүмкіндігін болдырмай.Құралды тиеу-түсіру
жұмыстары кезінде соққылы жүктемелерге ұшыратуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. ТАЗАЛАУ. Қолданған соң жəне тазаламас бұрын
қуат көзінің айырын розеткадан алып шығып, құрал суығанша, күтіңіз.Құралды сумен жумаңыз! Құралдың сыртқы жəне ішкі
бетін жəне басқару панелін тазалау үшін жұмсақ, ылғалды шүберекті пайдаланыңыз.Маңызды! Алынбалы тостағанды
тазаламас бұрын оны құралдың ішінен алып шығыңыз.Ыдыс жууға арналған құралды, құрал жиынтығына кіретін алынбалы
тостағанды, қасықты, ожауды, өлшеуіш стақанды, буға пісіруге арналған контейнерді тазалау үшін жұмсақ ысқышты пайдаланыңыз.
Құрал мен оның құрамдастарының тазалығын сақтаңыз.САҚТАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне бұдан əрі қауіпсіз
қолданылуын сақтауды көздейтін жағдайларда, жабық үй-жайларда сақтау қажет. Сақтауға жинамас бұрын құрал мен оның
барлық арларының толықтай кептірілгеніне көз жеткізіңіз.
20
10
30
30
25
40
25
15
40
13
10
30
20
15
35
15
10
25
12
1
20
10
5
20
Балық
ТАСЫМАЛДАУ, ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ САҚТАУ
ҚҰРАЛДЫ КƏДЕГЕ ЖАРАТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Құрал мен буып-түю материалдары қоршаған орта үшін ең аз зиянымен жəне өңіріңіздегі қалдықтарды кəдеге жарату жөніндегі
қағидаларға сəйкес кəдеге жаратылуы тиіс.
КЕПІЛДІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ
Бұйымды сатып алған уақытта тексерілуін жəне Сіздің қатысуыңызбен кепілдік талонының толтырылуын талап етіңіз (сататын ұйымның
мөртабаны, сатылған күні жəне сатушының қолы). Кепілдік талонын ұсынбаған жағдайда немесе оны дұрыс толтырмаған уақытта,
сапасы жөніндегі шағымдар қабылданбайды жəне кепілдік арқылы жөндеу жүргізілмейді.
Кепілдік талонын кепілдік мерзімі ішінде сервис орталығына кез келген өтінішті жасаған кезде ұсыну қажет. Бұйым сервистік қызмет
көрсетуге тек толықтай жинақталған түрінде ғана қабылданады. Кепілдік мерзімі сатып алушыға сатқан сəттен бастап есептеледі.
Сізден бұйымның сатып алынған күнін растайтын құжаттарды сақтауыңызды сұраймыз (тауар немесе касса чегі).
Бұйымыңызға кепілдік арқылы тегін қызмет көрсету шартына бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сəйкес жеке
тұрмыстық қажеттілік шегінен шықпайтын, дұрыс пайдалану, механикалық зақымдаулардың жəне бұйымды ұқыпсыз пайдалану
салдарының жоқтығы жатады. Бұйым кепілдік арқылы қызмет көрсетуге таза түрінде ұсынылады (мүмкін болатын жерлерінде қажалған
жəне үрленген). Кепілдік кепілдік мерзімі ішінде анықталған барлық өндірістік жəне құрылымдық ақауларға таралады («Кепілдік
таратылмайды» бөлімінде көрсетілгендерден басқа). Бұл кезеңде шығыс материалдарынан басқа ақау бөлшектері кепілдікті сервис
орталығында тегін түрде ауыстыруға жатады.
ҚАЗАҚ