EasyManua.ls Logo

Bosch Atino - Page 211

Bosch Atino
334 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Қазақ | 211
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін(2) қысқаша басыңыз. Жарық
сақина(3) батарея қуаттылығы жеткілікті болғанда жасыл түспен үш рет, ал батарея
заряды төмен болғанда сары түспен үш рет жыпылықтайды.
Егер өлшеу құралы шамамен тік күйде болса, ол қосылғаннан кейін дереу шығару
саңылауынан(4) лазер сызығын шығарады.
u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті
алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін(2) қайтадан қысқаша басыңыз.
u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын
пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру
мүмкін.
Егер шамамен15мин ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса және корпус
бұралмаса, өлшеу құралы батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты өшеді.
Лазер сызығын нивелирлеу (C суретін қараңыз)
Лазер сызығы, өлшеу құралы ең көбі 10°-қа алға немесе артқа еңкейтілген жағдайда
ғана қосылады.
Лазер сызығын не көлденеңінен оңға (90°) немесе солға (270°), не тігінен жоғары
(0°) немесе төмен (180°) қарай нивелирлеуге болады.
Нивелирлеу күйі жарық сақина(3) арқылы көрсетіледі:
Жарық сақина Нивелирлеу
қызыл Лазер сызығы көлденең де, тік те емес. Өлшеу құралының
корпусын қалаулы көлденең немесе тік сызыққа қарай бұраңыз.
сары
(тек бір жарық
сақина жартысы)
Лазер сызығы көлденең немесе тік сызыққа жақын. Дәлдеп
реттеу үшін корпусты жанып тұрған жарық сақина жартысына
қарай бұраңыз.
жасыл Лазер сызығы көлденеңінен немесе тігінен нивелирленуде.
Нивелирлеу сәтті түрде аяқталған соң, корпусты бұраусыз мұқият босату қажеттілігін
ескеріңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Өлшегіш таспамен жұмыс істеу (D суретін қараңыз)
Таңбалау көмекші құралының(1) ортасында өлшегіш таспаның(12) нөлдік нүктесі
орналасқан және оны тікелей астыңғы бетте көрсетуге болады.
Bosch Power Tools 1 609 92A 55E | (12.05.2020)

Other manuals for Bosch Atino

Related product manuals