EasyManua.ls Logo

Bosch PFS 5000 E - Page 214

Bosch PFS 5000 E
333 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
214 | Қазақ
Ескертпе: Бүрку материалын толтырудан алдын ауа
шлангісін (20) алып қойыңыз (найзалы құлыпты (21)
шірек айналымға сағат тіліне қарсы; найзалы құлыпты
(21) қосқыштан (9) тарту).
Саптама қалпағын алмастыру (B1–
B2суреттерін қараңыз)
Бүріккіш жүйе үш саптама қалпағымен бірге жеткізіледі:
Саптама қалпағы
(10) (11) (12)
Түсі
ақ сұр қара
Зауыттық
параметрлер
орнатылған керек-жарақтар
текшесіндегі (27)
ұстағыш қамыттың (24)
астында
Жұмыс режимі
"Қабырға" "Ағаш/сыр" "Ағаш/лак"
Ескертпе: Саптама қалпағын таңдаудан бұрын бүрку
материалын араластырып тексеріңіз. Сұйық материалды
(мысалы, ағаш бояуы) сұр түсті саптама қалпағымен (11)
немесе қара түсті саптама қалпағымен (12) жақсырақ
тозаңдатуға болады, қою материалды (мысалы, қабырға
бояуы) ақ түсті саптама қалпағымен (10) жақсырақ
тозаңдатуға болады.
Саптама қалпағын алмастыру үшін жаппа гайканы (3)
бұрап шығарыңыз.
Ауа қақпағын (2) тартып алыңыз.
Орнатылған саптама қалпағын бұрап алыңыз.
Ұстағыш қамытты (24) ашып, қажетті саптама
қалпағын керек-жарақтар текшесінен (27) алыңыз.
Қажетті саптама қалпағын бүріккіш пистолет ирек
оймасына бұрап кіргізіңіз.
Ауа қақпағын (2) саптама қалпағына салып, жаппа
гайкамен (3) бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жұмыс істеуге дайындық
u Суға жақын жерде немесе тікелей әсер ететін
жайға жақын жерде бүрку жұмысын орындау
мүмкін емес.
u Бояуларды, лактарды және бүрку материалын сатып
алуда қоршаған ортаға әсерін ескеріңіз.
Бүрку аймағын дайындаңыз
Бояу себілетін бет таза, құрғақ және майсыз болуы қажет.
Тегіс беттерді бұдырлап, содан кейін ажарлау шаңын
кетіріңіз.
Пайдаланған кезде, қапталмаған барлық беттер бүріккіш
тұманмен ластануы мүмкін. Сондықтан бояу себілетін
беттің айналасын жақсылап дайындаңыз:
Еденді, интерьер заттарын, есіктерді, терезелерді
және есік пен терезе жақтауларын және т.б. мұқият
жауып қойыңыз. Еденді жабу үшін, мысалы, бояу
флизелині ұсынылады.
Жапқыш материалды бекітіңіз. Жеткілікті бекітілмеген
жапқыш материал қатты ауа ағынынан босап қалуы
немесе ұшырып түсірілуі мүмкін.
u Розеткалар мен ажыратқыштарды мұқият
жабыстырыңыз. Жабыстырылмаған розеткалар мен
ажыратқыштар қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін
және ток соғу қаупін арттырады.
Бүрку материалын дайындау
u Сұйылту кезінде бүрку материалы мен
сұйылтқыштың үйлесімді болғанына көз
жеткізіңіз. Қате сұйылтқыш пайдаланылған жағдайда,
бүріккіш пистолеттің бітелуіне әкелуі мүмкін кесектер
пайда болуы мүмкін.
u Бүрку материалын сұйылтуда қоспаның жану
нүстесі сұйылтқаннан соң қайта 55°C жоғары
жатқанына көз жеткізіңіз. Мысалы, еріткіш қамтитын
лактарды сұйылтуда жану нүктесі төменделеді.
u Бүрку қабілеті туралы, мысалы, нұсқаулықтағы
немесе техникалық төлқұжаттағы бояу
өндірушісінің мәліметтеріне назар аударыңыз.
Өндірушінің мәліметтеріне сәйкес жарамсыз
бояуларды бүркімеңіз.
Бүрку материалын жақсылап араластырыңыз.
Бүрку материалы бөлме температурасында
пайдаланылған кезде, бүрку сипаты жақсырақ болады.
Қажет болса, бүрку материалын сұйылтыңыз.
Егер сынақ бүрку кезінде жақсы бүрку сипаты пайда
болмаса, оңтайлы бүрку сипатына жеткенше, 5%
қадам бойынша сұйылту әрекетін орындаңыз.
Бүрку материалы Ұсынылған
сұйылту
Сүректі қорғайтын заттар, майлар,
көкшіл бояулар, бітегіштер, су
0%
Еріткішпен немесе сумен
сұйылтылатын (ұсынылады) лак
бояулары, төсеме бояулар, тот басудан
қорғайтын төсеме бояулар,
радиаторларға арналған лактар, қалың
қабатты көкшіл бояулар
0–5%
Дисперсиялық бояулар және латексті
бояулар (қабырға бояулары)
кемінде 5%
Сұйылту кестесі
Бүрку
материалы
[мл]
Сұйылтуға арналған сұйылтқыш [мл]
5% 10% 15%
300 15 30 45
400 20 40 60
500 25 50 75
600 30 60 90
700 35 70 105
800 40 80 120
1 609 92A 686 | (17.06.2021) Bosch Power Tools

Related product manuals