EasyManua.ls Logo

BRAYER BR1085 - Page 36

BRAYER BR1085
44 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
36
KZ
Электр шайнекті жылытатын аспаптардың, ашық
оттың немесе жылу көздерінің тікелей қасында
пайдаланбаңыз.
Электр шайнекті аэрозольдар пайдаланылатын
немесе шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез
тұтанатын сұйықтықтарға жақын жерлерде пайда-
лануға тыйым салынады.
Электр шайнекті тегіс және тұрақты бетке
орнатыңыз, оны үстелдің шетіне қоймаңыз. Желі
бауының үстелден салбырамауын, сондай-ақ
оның ыстық беткейлерге және өткір шеттерге тиіп
тұрмауын қадағалаңыз.
Шайнектің шүмегін ағаш жиһазға, кітаптарға,
ылғалдан немесе ыстық будан бүлінетін заттарға
бағыттамаңыз.
Қуаттандыру бауы мен ашаға дымқыл қолмен
тиісуге тыйым салынады.
Шайнекті сусыз қоспаңыз, шайнекті толтырғаннан
кейін қақпағын тығыз жабыңыз.
Шайнектегі судың деңгейі шайнек құтысы ішіне
салынған «MAX» максималды белгісінен жоғары
болмауын қадағалаңыз. Егер судың көлемі
максималдық белгіден асып тұрса, қайнаған кезде
қайнаған су шайнектен тасып төгілуі мүмкін.
Суды қайнату кезінде ыстық буға күйіп қалмау
үшін жұмыс істеп тұрған шайнектің шүмегіне
төнбеңіз.
Суды қайнатқан кезде шайнектің қақпағын ашуға
тыйм салынады.
Шайнектің беті өте жоғары температурада болуы
мүмкін. Шайнектің қызған беттеріне тиіскен кезде
ұқыптылық пен абайлық сақтаңыз. Шайнекті тұтқа-
сынан ұстаңыз.
Қайнаған суға толы шайнекті тасымалдаған кезде
сақ болыңыз. Шайнек суын төккенде абайлаңыз,
шайнекті күрт еңкейтпеңіз, шайнекті ұқыпсыз пай-
даланғанда, сіз ыстық суға күйіп қалуыңыз мүмкін.
Тазалау алдында, немесе егер сіз шайнекті
пайдаланбасаңыз, шайнекті электр желісінен ажы-
ратыңыз. Шайнек түпқоймасын электр желісінен
ажыратқан кезде тек қуат ашасынан ұстаңыз және
оны электр розеткасынан абайлап шығарыңыз,
қуат сымынан тартпаңыз – бұл қуат сымының
және розетканың зақымдануына әкелуі және
қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін.
Электр тогының соғу қаупін болдырмас үшін
электр шайнекті суға немесе кез келген басқа да
сұйықтыққа батырмаңыз.
Электр шайнекті ыдыс жуатын машинаға салуға
тыйым салынады.
Балалардың қауіпсіздігі мақсатында қаптама
ретінде қолданылатын полиэтилен қапшықтарды
қараусыз қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!

Related product manuals