66
РАДИО КЕДЕРГІЛЕР
• Жұмыс кезінде қысқа толқынды пеш радиоқабыл-
дағыштардың, теледидардың және соған ұқсас
жабдықтардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
• Ондай кедергілер туған кезде оларды келесі ша-
раларды қолданып, басуға немесе толық кетіруге
болады:
– радиоқабылдағыштың немесе теледидардың
қабылдайтын антеннасын қайта бағдарлау керек;
– қысқа толқынды пештің күйін радиоқабылдағышқа
немесе теледидарға қатысты өзгерту керек;
– қысқа толқынды пешті радио қабылдағыштан
немесе теледидардан алыс орнату керек;
– қысқа толқынды пешті пеш, қабылдағыш пен теле-
дидар электрлік желінің әртүрлі тізбегіне қосылатын-
дай етіп, басқа розеткаға салыңыз.
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ҚҰРАСТЫРУ
Шыны түпқойманы орнату
• Пештің есігін (2) ашыңыз.
• Шыны түпқойманың (7) дөңгелекті тірегін (4) жұ-
мыс камерасының түбінде орналасқан саңылауға
орнатыңыз.
• Дөңгелекті тіректі (3) орнатыңыз.
• Шыны түпқойманы (7) ұқыпты етіп дөңгелекті
тірекке (4) орнатыңыз.
• Шыны түпқойманы (7) төменгі жағымен жоғары
қаратып орнатуға тыйым салынады.
Ескертпелер:
– пеш жұмыс істеген уақытта шыны түпқойманың (7)
айналуына кедергі жасамаңыз. Қысқа толқынды пеш жұ-
мыс істеген кезде шыны түпқойма (7) сағат тілі бойынша
немесе оған қарсы айналуы мүмкін.
– азық-түлікті дайындауға арналған азық пен ыдысты
тек шыны түпқоймаға (7) орнату қажет.
– шыны түпқоймада (7) жарықтар мен кетіктер пайда
болған кезде оны дереу алмастырыңыз.
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– Белсенді түймелерді әрбір басу дыбыстық дабылмен
сүйемелденеді.
– Дисплейде (10) ағымды уақыт, дайындаудың қалған
уақыты, белгіленген қуаттылық пен жұмыс тәртіптерінің
белгілері беріледі.
– Қысқа толқынды пештің жұмысы аяқталғаннан кейін
дыбыстық дабылдар беріледі, пештің есігі ашылғанға
дейін немесе басқару панелінде (5) қандай да бір түйме
басылғанға дейін дыбыстық дабылдар әрбір екі минут
сайын қайталанады.
– Күту тәртібінде, 1 минуттан кейін, дисплейдің (10)
ашықтығы азаяды, егер панельдің (5) түймелеріне қол
тигізсе немесе есік (2) ашылса, онда дисплейдің (10)
ашықтығы ұлғаяды.