43
орнына орнатыңыз (2-сур.).
Шаң жинағыш-контейнерді тазалау (7)
• Бекіткішті (6) басып, шаң жинағыш-контейнерді
шаңсорғыштың моторлық блогынан шешіңіз.
• Құтыдан (17) сепараторды (16) шығарыңыз (5-сур.).
• НЕРА-сүзгішті (15) сағат тіліне «
» қарсы бұрап,
оны сепаратордан (16) шығарыңыз (6-сур.).
• Сепаратор (16) мен НЕРА-сүзгішті (15) жылы ағын
судың астына жуып, оларды кептіріңіз (7, 8-сур.).
НЕРА-сүзгіні (15) кептіру үшін фен немесе басқа да
сондай құралдарды пайдалануға тыйым салынады
• Сүзгіштерді жылы ағын судың астында жуыңыз,
оларды кептіріңіз.
• Сүзгіштер блогын (19) кептіру үшін фен немесе
басқа да сондай құралдарды (6-сур.) пайдалануға
тыйым салынады.
• Шаң жинағыш-контейнердің (17) құтысын жуып, оны
кептіріңіз.
• Барлық шешілмелі бөлшектерді жуу үшін ыдыс
жуатын машинаны пайдалануға болмайды.
Ескертпе: шаң жинағыш-контейнерді құрастыру
алдында барлық шешілмелі бөлшектердің таза және
құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
Шаң жинайтын-контейнерді құрастыру
• НЕРА-сүзгішті (15) сепараторға (16) салыңыз және
оны сағат тілі «
» бойынша бұраңыз.
• Сеператорды (16) шаң жинағыш-контейнердің (17)
құтысына орнатыңыз және оны сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз.
• Жиналған шаң жинағыш-контейнерді бекіткіш (6) іске қо-
сылғанға дейін орнатыңыз, шаң жинағыш-контейнердің
сенімді бекітілгендігіне көз жеткізіңіз (2-сур.).
Электрлік қылшақты тазарту
• Электрлік қылшақты (2) пайдалану кезінде айналатын
қылшаққа шаш, жіп ж.с.с. оралып қалуы мүмкін. Жлектр-
лік қылшақтың (2) тазалығын бақылау керек, ластанған
кезде дөңгелек қылшақты тазалаңыз.
Шаңсорғыш корпусын тазалау
• Шаңсорғыш корпусын сәл дымқыл матамен сүртіңіз,
содан соң құрғатып сүртіңіз.
• Шаңсорғыш корпусын, электрлік қылшақты (2) және
желілік адаптерді (19) суға немесе кез-келген басқа сұй-
ықтықтарға салуға тыйым салынады. Шаңсорғыш корпу-
сының ішіне және электрлік қылшаққа (2) сұйықтықтың
тиюіне жол бермеңіз.
• Шаңсорғыш корпусы мен барлық бөлшектерді тазалау
үшін еріткіштер мен абразивтік тазалау құралдарын
пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАУ
• Шаңсорғышты ұзақ уақытқа сақтауға қойғанға дейін,
шаңсорғыш корпусын, шаңжинағыш-контейнерді және
электрлік қылшақты (2) тазалаңыз.
• Шаңсорғышты құрғақ салқын жерде балалар мен
мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.