EasyManua.ls Logo

COOLFORT CF-3003 - Page 12

COOLFORT CF-3003
24 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
12
ҚАЗАҚША
• Аккумуляторлық батарея жағдайын қадағалаңыз.
Егер құрал ұзақ уақыт пайдаланылмаса,
шаңсорғыштан аккумуляторлық батареяны
шығарыңыз.
• Құралды құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР
МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА АСПАПТЫ ПАЙДА-
ЛАНУҒА ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙД АЛАНУҒА
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
• Егер тазарту барысында шаңсорғыштың сору
қуаттылығы кенет төмендесе, шаңсорғышты
дереу сөндіріп, ұзартқыш түтіктің (5) бітеліп
қалмағандығын тексеріңіз. Қоқысты жойыңыз,
және содан кейін ғана жинау жұмыстарын
жалғастыруға болады.
• Шаңсорғышпен тазалауды қатты қызған беттер-
ден тікелей жақындықта, күлсалғыштар жанында
немесе жеңіл тұтанатын сұйықтықтар сақталатын
орындарда жүргізуге болмайды.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Құрылғыны қысқы (суық) температурада тас
ымал дағаннан немесе сақтағаннан кейін, оны
бөлме температурасында кемінде 3 сағат бойы
ұстау керек.
Шаңсорғышты/аккумуляторлық батарея зарядын
сақтайтын жерді анып алыңыз және сол жерге
қабырғалық ұстағышты (13) бұрандалар арқылы
бекітіңіз.
• Ұстағышты (13) бекіту үшін 3M жапсырмала-
рын пайдаланыңыз. Оның орналасқан биіктігі
шаңсорғыштың биіктігіне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз, өйткені қуаттандыру сымының салбыра-
уына жол берілмеуі керек).
• Шаңсорғышты ұстағышқа (13) орнатыңыз
• Қуаттандыру блогы қосқышының штеерін
аккумуляторлық батарея ұясына (14) салыңыз.
Аккумуляторлық батареяны зарядтау
Құрылғыны бірінші рет қолданар алдында немесе оны
пайдаланудағы ұзақ үзілістен кейін аккумуляторлық
батареяны (14) 4-5 сағат зарядтау керек.
Аккумуляторлық батареяның (14) толық зарядта-
луы шаңсорғыштың максималды қуаты деңгейінде
18 минутқа және қуаты төмен деңгейде шамамен
30 минут үзіліссіз жұмысқа жетеді.
• Қуаттау блогының қосқыш бауы ашасын
шаңсорғыштың (14) аккумуляторлық батареясы
ұясына салыңыз, қуаттау блогын электр розетка-
сына салыңыз (сур. 9), бұл ретте жұмыс/заряд-
тау индикаторлары (3) жанады, аккумуляторлық
батареяның заряд дәрежесі жарық индикаторла-
рымен (3) көрсетіледі.
• Аккумуляторлық батареяны (14) зарядтау циклінің
соңында төрт индикатор (3) жанады.
• Зарядтау циклы аяқталғаннан кейін шаңсорғышты
қабырға ұстағышына (13) орнатыңыз (сур.10).
Ескертпелер:
Аккумуляторлық батареяны (14) зарядтау-
ды +5°C бастап +35°C дейінгі температурада
жүргізіңіз.
Егер құрылғыны бір ай бойы немесе одан ұзақ
пайдаланбасаңыз, шаңсорғышты қолданар
алдында аккумуляторлық батареяны (14) толық
зарядтаңыз.
Ұзартқыш түтікті және қондырмаларды жалғау
• Шаңсорғыштың ауа тартқыш саңылауына
ұзартқыш түтікті (5) бекіткіштің (4) шертілгеніне
дейін салыңыз (сур. 1 және 2).
• Қажетті қондырманы таңдаңыз: LED жарығы
бар моторланған турбо-қылшақты (7) немесе
саңылаулы қондырманы (12) және оны ұзартқыш
түтікке (5) қосыңыз (сур. 3).
Ескертпе:
Қажет болса, сіз моторланған турбо-қылшақты
(7), саңылаулы саптаманы (12) ұзартқыш
түтікті (5) пайдаланбай шаңсорғыштың ауа
тартқыш тесігіне қоса аласыз.
Моторланған турбо-қылшақ LED-жарығымен (7)
Моторланған турбо-қылшақты (7) орташа және
қысқа түкті кілемдер мен кілем жабындарын таза-
лау үшін қолданыңыз, қылшақ (7) кілем жабында-
рынан жануарлар жүнін тазалау үшін өте ыңғайлы.
Түгі бар білікше қылшаққа орнатылған электрлік
мотордың көмегімен айналады, білікшенің түгі
кілем жабыны түктерінен қоқыстарды «сыпы-
рып алады» және жануарлар жүнін тиімді «тарап
алады».
Ескертпелер:
Моторланған турбо-қылшақты (7) пайдалануға
тыйым салынады, егер кілем жабындары түгінің
ұзындығы 15 мм-ден артық болса.
Қылшақты (7) электр сымдары үстінен
жүргізбеңіз.
Қылшақты (7) пайдалану арқылы үй-жайды жинап
болғаннан кейін шаңсорғышты бірден өшіріңіз.
1-де 2 (12) саңылау қондырмасы.
Қондырма (12) радиаторларды, бұрыштарды,
саңылауларды және диван жастықшалары
арасындағы кеңістікті тазартуға арналған.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Назар аударыңыз! Шаңсорғышты оған
орнатылған шаңжинағыш-контейнермен (9) және
оған орнатылған сүзгілермен (10, 11) ғана қосыңыз.
Шаңсорғыш-контейнердің (9) дұрыс жиналғаны мен
орнатылғанын міндетті түрде тексеріңіз.
• Шаңсорғышты сақтау ыңғайлылығы үшін қабырға
ұстағышын (13) пайдаланыңыз.
• Шаңсорғыш жұмыс істеп жатқанда және оны
тасымалдаған кезде оны қолсабынан ұстаңыз.
• Шаңсорғышты қосу үшін қосу/өшіру батырмасын
басыңыз (1), шаңсорғыш төмен қуат деңгейінде
қосылады, осы ретте жұмыс/зарядтау индикато-
рында (3) төрт индикатор жанады.
• Шаңсорғыш жұмыс істеген уақытта (2) батыр-
масын дәйектеп басып, шаңсорғыштың жұмыс

Related product manuals