Портативті динамик
НҰСҚАУЛЫҚ
Сәйкестік декларациясы
Құрылғының (құрылғылардың) жұмыс істеуіне статикалық, электрлік немесе жоғары жиілікті
өрістер (радиоаппаратура, ұялы телефондар, шағын толқынды пештер, электростатикалық
разрядтар) әсер етуі мүмкін. Туындаған кезде, кедергі келтіретін құрылғыдан арақашықтықты
арттырыңыз.
Батарея, электрлік және электронды жабдықтарды кәдеге жарату
Тауардағы, тауарға арналған батареядағы немесе қаптамадағы бұл белгі, тауарды тұрмыстық
қалдықтармен бірге кәдеге жаратуға болмайтындығын білдіреді.
Ол батарея, электрлік және электронды жабдықтарды жинау мен кәдеге жарату бойынша
компанияларға жеткізілуі тиіс.
Тауарды қауіпсіз және тиімді қолдану тәртібі мен шарттары
Сақтық шаралары:
1. Тауарды тек тікелей тағайындалуы бойынша қолданыңыз.
2. Бөлшектемеңіз. Берілген бұйымда өзіндік жөндеуге жататын бөліктер жоқ. Қызмет көрсету
және бұзылған бұйымды ауыстыру сұрақтары бойынша сатушы-фирмаға немесе Defender
авторластырылған сервис орталығына жүгініңіз. Тауарды қабылдауда оның тұтастығына және
ішінде еркін орын ауыстыратын заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
3. 3 жасқа дейінгі балаларға арналмаған. Ұсақ бөлшектер болуы мүмкін.
4. Бұйымға және оның ішіне ылғалдың кіруін жібермеңіз. Бұйымды сұйықтықтарға салмаңыз.
5. Тауардың механикалық зақымдалуына әкелуі мүмкін, бұйымның сілкіну және механикалық
жүктелуін жібермеңіз.
6. Бұйымның көрінетін зақымдалуы кезінде қолданбаңыз. Көрінеу бұзылған құрылғыны
қолданбаңыз.
7. 7. Ұсынылатын температурадан төмен немесе жоғары температурада, конденсациялайтын
ылғалдылық туындағанда, сондай-ақ агрессиялық ортада қолданбаңыз (пайдаланушы нұсқауын
қараңыз).
8. Ауызға салуға болмайды.
9. Бұйымды өнеркәсіптік, медициналық және өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
10. Егер тауардың тасымалдануы теріс температурада жүргізілсе, пайдалану алдында тауарға жылы
бөлмеде (+16-25 °С) 3 сағат көлемінде жылынуға мүмкіндік беру керек.
11. Ұзақ уақыт аралығында қолдану жоспарланбаған жағдайда, құрылғыны әр жолы сөндіріңіз.
12. Егер құрылғы көңіліңізді алаңдататын жағдайда, көлік құралын жүргізу барысында, сондай-ақ
құрылғыны сөндіру заңмен қарастырылған жағдайда қолданбаңыз.
Арнайы сақтау, тасымалдау және орналастыру шарттары көзделмеген. Қызмет мерзімі
аяқталғаннан кейін бұл бұйымды кәдеге жарату барлық мемлекеттік нормативтердің және
заңдардың талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
Мақсаты: акустикалық жүйе - дыбыс шығаруға арналған құрылғы
Мүмкіндіктер • Bluetooth 5.0
• True Wireless Stereo (TWS) - екі бөлек динамикті бір 2.0 динамик жүйесіне біріктіру мүмкіндігі
• Жарықдиодты жарық • Кірістірілген FM қабылдағышы • Кіріктірілген MP3 ойнатқышы • USB
флэш-дискілері және MicroSD карталарын қолдау • Қосымша аудио кіру AUX порты
• Эквалайзер • Микрофон ұясы • Құрылғыны өзіңізбен оңай алып жүруге ыңғайлы тұтқа
• Сымсыз қашықтан басқару
Техникалық сипаттама • Жалпы шығыс қуаты (RMS): 70 Вт • Дыбыс схемасы: 2.0 • Бас динамиктің
диаметрі: 2 x 6,5“ • Жоғары динамиктің диаметрі: 2 x 1,5“ • Жиілік диапазоны: 40–20000 Гц • Сигнал
мен шудың арақатынасы: 85 дБ • Бір батарея зарядының жұмыс уақыты: 8 сағ • Қуат көзі: USB, 5V,
Li-Ion батареясы арқылы • Батарея сыйымдылығы: 4400 мА · сағ • Тюнердің жиілік диапазоны:
87,5–108,0 МГц • Микрофон ұясы: 6,3 мм ұяшық • Порттардағы микрофон: Екі • Корпус материалы:
пластик • Түсі: қара
Пакеттің мазмұны • Динамиктер жүйесі • Кепілдік қызметі талоны • Сымсыз қашықтан басқару
• Пайдалану жөніндегі нұсқаулық • C ұясының кабелі
Импорттаушы: ООО «ТД Компания Дефендер» Адрес: 127055, г. Москва, ул. Сущевская, дом 27,
стр. 2, помещение III, комната 3, офис 63. Өндіруші: ZHONGSHAN SILK IMP. & EXP. GROUP CO., LTD
OF GUANGDONG. Address: 28 Yue Lai Nan Road Zhongshan City, Guangdong, China. Шектеусіз сақтау
мерзімі. Пайдалану мерзімі - 6 ай. Кепілдік мерзімі - 6 ай. Defender уәкілетті сервистік орталықтары
– сілтеме бойынша қараңыз https://kz.defender-global.com/places/service
Өндірілген күні: қаптамадан қараңыз. Өндіруші осы нұсқаулықта көрсетілген пакеттің мазмұны
мен сипаттамаларын өзгерту құқығын сақтайды. Соңғы және егжей-тегжейлі пайдалану жөніндегі
нұсқаулық www.defender-global.com сайтында қол жетімді
Қытайда жасалған.
KAZ