EasyManua.ls Logo

DWT DS-150 KS - Page 28

DWT DS-150 KS
64 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
28
Қазақ тілі
Тегістеу дискілерін соққыдан қорғаңыз,
майлануын болдырмаңыз.
Өлшемдері (сыртқы диаметрі және тесік
диаметрі) ұсынылғандардан басқаша тегістеу
дискілерін пайдаланбаңыз.
Қорғау құрылғылары ажыратылған күйде
ешқашан жұмыс істемеңіз. Зақымдалған қорғау
құрылғыларын бірден ауыстыру керек.
Жұмыс кезінде
Дайындаманы тегістеу дискіне диск ең үлкен
айналу жылдамдығына жеткенде ғана тигізіңіз.
Тегістеу дискісінің бүйірлік бетін тегістеу
үшін пайдаланбаңыз.
Қуат берілген кезінде электр құралының
қозғалтқышын тоқтатпаңыз.
Электр құралы жұмыс істеп жатқан кезде
заттың кері тебуінен (кенет артқа итеру)
сақ болыңыз. Кері тебуді пайдалану туралы
ұсыныстарды орындамау, затты тегістеу
дискісіне тым тез тигізу, т.б. тудыруы мүмкін.
Кері тебу қаупін барынша азайту үшін электр
құралды пайдалану кезінде ұсыныстарды
әрқашан орындаңыз.
Электр құралды пайдалану кезінде тік
тұрыңыз және затты екі қолмен тірек
тақтасында ұстаңыз.
Қолдарды айналатын тегістеу дискілерінен
қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз және оларға
ешқашан тимеңіз, әйтпесе, бұл ауыр
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Шағын планкаларды өңдегенде қысқыш
құрылғыларды пайдаланыңыз.
Операция кезінде күш кабелінің жағдайын
қадағалап отырыңыз л әрқашан құралдың
артқы жағында орналасуы керек). Ол сіздің
қолыңызға немесе аяғыңызға оралмауы керек.
Жұмыс кезінде пайда болатын шаң денсаулыққа
қауіп төндіруі, тұтанғыш немесе жарылғыш
болуы мүмкін; жұмыс орнын уақтылы тазалаңыз
және жеке қорғау құралдарын пайдаланыңыз.
Жұмыс кезінде ұшқындар және шағын металл
бөлшектер пайда болып, бұлар операторды
немесе жақын жердегі адамдарды жарақаттауы
мүмкін. Әрқашан жеке қорғау құралдарын
(көзілдірік және қорғағыш маска) киіңіз, сонымен
бірге, жұмыс орнын дұрыс реттеңіз.
Ешқашан асбест қосылған бұйыммен жұмыс
жасамаңыз. Асбест канцерогенді зат болып
саналады.
Егер электр құралы жұмыс кезінде кенет
тоқтаса, электр құралының кездейсоқ іске
қосылуын болдырмау үшін 8 қосу/өшіру қосқышын
өшірулі күйіне бірден жылжытыңыз.
Қозғалтқыш құралы ұзақ уақыт пайдаланылып
жатса, оның қатты қызып кетуінен сақтаныңыз.
Пайдалануды аяқтағаннан кейін
Электр құралын өшіруден кейін тегістеу дискі
инерцияға байланысты біраз уақыт бойы айнала
береді. Осы себепті электр құралын айналатын
бөліктері толық тоқтағаннан кейін ғана қою
керек.
Баяулап жатқан тегістеу дискілерінің
айналуын дискілердің бүйірлік бетіне күш қолдану
арқылы баяулатуға қатаң тыйым салынады.
Нұсқаулықта қолданылатын
таңбалар
Пайдалану нұсқаулығында төменде берілген
таңбалар қоладнылады, олардың мағынасын
есте сақтаңыз. Таңбаларды дұрыс түсіндіру
электр құралды дұрыс және қауіпсіз қолдануға
көмектеседі.
Таңба Мағына
Сериялық нөмір бар
жапсырма:
DS ... – үлгі;
ХХ – өндіру күні;
XXXXXXX – сериялық
нөмір.
Қауіпсіздік техника-
сы туралы барлық
нұсқаулармен және
нұсқаулармен
танысыңыз.
Қорғағыш көзілдірікті
және құлаққапты киіңіз.
Шаңнан қорғайтын маска-
ны киіңіз.
Қорғағыш қолғапты киіңіз.
Монтаждық және реттеу
жұмыстарын өткізу
алдында электр құралды
желіден өшіріңіз.
Қозғалыс бағыты.
Айналу бағыты.
Бұғатталған.
Бұғаттаудан
шығарылған.
Тыйым салынған әрекет.
I
Қорғау сыныбы.