29
Қазақ тілі
Таңба Мағына
Назар аударыңыз.
Пайдаланушының
денсаулығына мүмкін зиян
туралы ескерту.
Бұйым ЕО
директивалараның негізгі
талаптарына және
Еуропалық Одақтың
үйлестірілген стан-
дарттарына сай екенін
куәландыратын белгі.
Назар аударыңыз.
Маңызды ақпарат.
Электр құрал
қосқышының / өшіргішінің
"Қосулы" күйі.
Электр құрал
қосқышының/өшіргішінің
"Өшірулі" күйі.
Пайдалы ақпарат.
Электр құралды
тұрмыстық қоқысқа
лақтырмаңыз.
DWT
қозғалтқыш құралын қолдану салалары
Қос тегістегіштер әр түрлі тегістеу және
өткірлеу жұмыстарына (үшкір жиектерді кетіру,
қиғаш ету, кесу құралдарын өткірлеу, т.б.)
арналған.
1
Қозғалтқыш құралдың
құрамдастары
Қорғағыш шыны
2 Қорғағыш корпустың қақпағы
3 Тегістеу дискі *
4 Қорғағыш корпус
5 Тірек тақтасы
6 Құлақты гайка *
7 Негіз тақтасы
8 Қосу / өшіру батырмасы
9 Тірек тақтасының бекіткіштері (құлыптау
шайбасы, шайба, бұранда)
10 Қорғағыш шынының бекіткіштері (гайка,
құлыптау гайкасы, шайба, бұранда)
11 Қорғағыш шынының ұстағышы
12 Қорғағыш шыны ұстағышының бекіткіштері
(гайка, құлыптау гайкасы, шайба, бұранда)
13 Қорғағыш корпустың бекіткіштері (гайка,
құлыптау гайкасы, шайба, бұранда)
14 Шпиндель
15 Фланец
16 Тығыздағыш
17 Тегістеу дискінің бекіту гайкасы
* Қосымша құрамдастар
Кейбір суреттелген немесе сипатталған
құрамдастар стандарттық жабдықтау
ретінде қосылмаған.
Қозғалтқыш құралдың бөлшектерін
орнату және жөнге салу
Қозғалтқыш құралмен кез кезлген жұмысты
бастау алдында оны токтан ажыратып
тастаңыз.
Бекіткіш бөлшектер бұрандаларын
бұзып алмау үшін тым қатты
тартпаңыз. Суреттерде
көрсетілген бөлшектерді орнату
реттілігін дәл орындаңыз.
Тірек тақтасын жинау / бөлшектеу / реттеу
(1-сур. қараңыз)
• Тірек тақтасын 5 бекіткіштерді 9 және құлақты
гайканы 6 пайдаланып бекітіңіз (1-сур. қараңыз).
• Тірек тақтасын 5 бөлшектеу кезінде
жоғарыда сипатталған әрекеттерді кері ретпен
орындаңыз.
• Тірек тақтасы 5 және тегістеу дискі 3
арасындағы қашықтықты уақтылы реттеңіз,
бұл мақсатта құлақты гайканы 6 босатыңыз
және тірек тақтасын 5 тегістеу дискісінің 3
бағытында жылжытыңыз. Тірек тақтасы 5 және
тегістеу дискі 3 арасындағы қашықтық 2 мм-ден
аспауы керек.
Қорғағыш шыныны жинау / бөлшектеу /
реттеу (2-сур. қараңыз)
• Қорғағыш шыныны 1 ұстағышқа 11 кіргізіңіз
және бекіткіштерді 10 пайдаланып бекітіңіз (2-
сур. қараңыз).
• Қорғағыш шыны 1 кіргізілген
ұстағышты 11 қорғағыш корпусқа 4 қойыңыз
және бекіткіштерді 12 пайдаланып бекітіңіз (2-
сур. қараңыз).
• Ұстағышты 11 немесе қорғағыш
шыныны 1 бөлшектеу кезінде жоғарыда
сипатталған әрекеттерді кері ретпен
орындаңыз.
• Ұстағыш 11 және тегістеу дискісі 3 арасындағы
қашықтықты уақтылы реттеңіз, бұл мақсатта
гайканы босатыңыз және ұстағышты 11
тегістеу дискі 3 бағытында жылжытыңыз.
Ұстағыш 11 және тегістеу дискі 3 арасындағы
қашықтық 2 мм-ден аспауы керек.
Тегістеу дискісінің 3 тозуы тегістеу
дискі 3 мен тірек тақтасы 5
немесе ұстағыш 11 арасындағы
қашықтықтарды реттеуге
келмейтіндей көп болса, тегістеу дискін
ауыстыру керек.