4. Сүзгілерді жеміргіш емес жуғыш
заттарды қолданып жөкемен немесе
ыдыс жуғыш машинамен тазалаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға төмен
температура және қысқа цикл орнату
керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі
мүмкін, бұл құрылғының жұмыс
істеуіне әсер етпейді.
5. Сүзгіні қайта орнына қою үшін алғашқы
екі қадамды керісінше орындаңыз.
Қажет болса, барлық сүзгілер үшін
қадамдарды қайталаңыз.
6.3 Көмір сүзгісін тазалау
Сүзгіні алу үшін:
1. Май сүзгілерін құрылғыдан алыңыз.
Осы тараудағы "Май сүзгілерін тазалау"
бөлімін қараңыз.
2. Құлап кетпес үшін сүзгіні ұстап тұрып,
көмір сүзгісін ұстап тұрған бұранданы
бұрап алыңыз.
3. Бүйіріндегі тұтқаларын ұстап тұрып,
сүзгіні абайлап алыңыз.
4. Сүзгілерді қалпына келтіріңіз.
ЕСКЕРТУ!
Күйіп қалу қатері бар! Пештің
пайдаланушы нұсқаулығындағы
қауіпсіздік тарауын қараңыз.
Сүзгілерді дымқыл шүберекпен
тазалаңыз. Пешті 200°C температураға
қойыңыз да, сүзгілерді 2 сағат ішінде
ұстаңыз. Сүзгілерді салқындатып
қойыңыз.
5. Сүзгіні орнату үшін қадамдарды
керісінше орындаңыз. Құрылғыға қайта
орнату алдында сүзгіні толығымен
кептіріңіз.
Сүзгі тағанын әр 2 жыл сайын немесе
шүберегі зақымдалған кезде
ауыстырыңыз.
6.4 Шамды ауыстыру
Құрылғы LED шамымен жабдықталған. Бұл
бөлікті техник ғана ауыстырады. Ақаулық
орын алған жағдайда "Қауіпсіздік
нұсқаулары" тарауындағы "Қызмет
көрсету" бөлімін қараңыз.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
7.1 Не істерсіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себептері Шешім
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. Құрылғы қуат көзіне қосылған жоқ
немесе теріс қосылған.
Құрылғының электр көзіне дұрыс
қосылғанына көз жеткізіңіз.
137