EasyManuals Logo

IVT GTIL-6090-RC User Manual

IVT GTIL-6090-RC
60 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #29 background imageLoading...
Page #29 background image
29
KZ
Нұсқаулық
Құралдың астына бөгде заттар түскен жағдайда
құралдың ақаусыз екендігін тексеріңіз және қажетті
жөндеу жұмыстарын жүзеге асырыңыз.
Шамадан тыс діріл пайда болса жедел арада
қозғалтқышты сөндіріңіз және себебін анықтаңыз.
Діріл әдетте ақаудың белгісі болып табылады.
Жұмыс орнынан кетпес бұрын, құралды жөндеу,
тексеру немесе тазарту алдында оны сөндіріңіз және
толығымен тоқтағанша күте тұрыңыз.
Құралдың ішкі бөлшектерін алып тастауға
немесе өзгертуге тыйым салынады.
Қауіпсіздік техникасы бойынша ерекше
ережелер
Өңделуге жататын алаңды мұқият тексеріңіз,
алдымен бөтен заттардан тазартыңыз. Егер жер
астында су, газ құбырлары немесе электр желілері
болса ол алаңда жұмыс істемеңіз. Құрамында ірі
тастар және бөтен заттар көп топырақты өңдеу үшін
бұл қопсытқышты пайдаланбаңыз, олардың құралды
зақымдауы мүмкін.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда күйлемеңіз.
Қозғалмалы бөлшектерден сақ болыңыз.
Тырмалардан сақтаныңыз.
Қопсытқыш артқа қарай немесе сізге қарай
қозғалуы кезінде аса сақ болыңыз. Тұрақты қалыпты
сақтаңыз, аяғыңызды тырмалардан алыс ұстаңыз.
Ойлы-қырлы жерлерде тұрақты қалып сақтаңыз.
Дөңгелекті роторлы машиналармен жұмыс
кезінде ылдиға көлденең қозғалып отырыңыз,
машинаны алға не артқа жылжытпаңыз.
Ылдиларда бағытты ауыстыру кезінде аса сақ
болыңыз.
Топырақты өңдеуге арналған құралды аса биік
жерлердегі жұмыстарға пайдаланбаңыз.
Баяу жылжыңыз.
Құралды өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес
іске қосыңыз.
Қозғалтқыш жұмысының реттеуішінің
қалыптарын өзгерпеңіз және қозғалтқыштың
жылдамдығын арттырмаңыз.
Қозғалтқыш қосулы тұрғанда тасымалдауға
болмайды.
Көріну нашар болса немесе жарықтандыру
жеткіліксіз болса машинаны пайдаланбаңыз.
Қатты жерді өңдеу кезінде сақ болыңыз.
Тырмауыш қопсытқышты алға итеріп, топырақта қалып
қоюы мүмкін. Мұндай жағдайда басқару иінтірегін
босатыңыз, қопсытқышты ұстап қалуға тырыспаңыз.
Бакты толтыру немесе құралды қараусыз қалдыру
алдында қозғалтқышты сөндіріңіз.
Қозғалтқышты сөндіру барысында дроссельді
жапқышты босатыңыз, тиекті қақпақша болса жұмыс
аяқталғанда жанармайдың берілуін тоқтатыңыз.
Құралды қараусыз қалдыра отырып барлық
қауіпсіздік шараларын жүзеге асырыңыз. Басқару
иінтіректерін босатыңыз, қозғалтқышты сөндіріңіз,
барлық қозғалмалы бөлшектер тоқтағанша күте
тұрыңыз және барлық қорғаушы қалқандардың
орнында екендігіне көз жеткізіңіз.
Бакты толтырмас бұрын бітеуішті суытыңыз.
Жөндеу, тазалау, бөлшектерді алмастыу және
тасымалдау алдында қозғалтқышты сөндіріңіз.
ҚОРАПСЫЗДАНДЫРУ
Қаптан алу кезінде барлық бөлшектердің түгел
екендігіне көз жеткізіңіз. Соңғы беттегі жинақтау
сызбасын қараңыз. Қандай да болмасын бөлшектер
бомаған жағдайда немесе ақаулы болған жағдайда
IVT қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
ҚҰРАСТЫРУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Пышақтар (7) мен дөңгелектер (13) жинағы [F1]
Біліктегі пышақтар (7) немесе дөңгелектерді (13)
орнатып, туралаңыз.
Білік саңылауларын пышақтар (7) немесе
дөңгелектердің (13) саңылауларымен сәйкес
келтіріңіз.
Пышақтарды (7) тоқтатқы саусақтардың,
бұрандамалардың, сомындардың көмегімен
бекітіңіз.
Алдыңғы дөңгелекті (14) жинау [F2]
Тоқтатқы саусақтардың, бұрандамалардың,
сомындардың және шайбалардың көмегімен
дөңгелек тірегін негізге бекітіңіз.
Басқару тұтқышын (10) жинау
Басқару тұтқышын (10) басқару тұтқасына
орнатып, оны бұрандамалардың көмегімен бекітіңіз.
Тереңдік реттеуішін құрастыру (2) [F3]
Тереңдік реттеуішін (2) рамаға штифтпен
бекітіңіз.
Бекітпе штифт түсіп қалмауы үшін, соңғысын
тұтқыр штифтпен бекітіңіз.
ҚОЛДАНУ АЛДЫНДА ТЕКС ЕРУ
Құю бойынша нұсқаулықтар [F4]
1. Жанармай деңгейінің көрсеткішін тексеріңіз.
2. Егер жанармай деңгейі төмен болса, бакты
толтырыңыз. Жанармайды жанармай сүзгісінің
деңгейінен артық етіп құймаңыз.
Этилденбеген жанармайды пайдалану
ұсынылады, себебі ол пайда болатын
қалдықтарды азайтады, сондай-ақ шығару
жүйесінің жұмыс мерзімін ұзартады. Ескі немесе

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the IVT GTIL-6090-RC and is the answer not in the manual?

IVT GTIL-6090-RC Specifications

General IconGeneral
BrandIVT
ModelGTIL-6090-RC
CategoryTiller
LanguageEnglish