32
KZ
Нұсқаулық
тығыздаушы шайба мен май құятын саңылаудың
қақпағын (16) алыңыз да, майды құйыңыз.
2. Тығынды (21) және тығыздаушы шайбаны
қойыңыз. Тығынның мұқият жабылғандығына көз
жеткізіңіз.
3. Бакты ұсынылатын маймен толтырыңыз және
оның деңгейін тексеріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайдаланылған
мотор майымен жиі және ұзақ
уақыт бойы байланысу тері қатерлі
ісігіне шалдықтыруы мүмкін. Тіпті
пайдаланылған маймен жұмыс
күнделікті болмаған жағдайда да,
жұмыс аяқталғаннан кейін жедел
арада қолыңызды сабындап
жуыңыз.
Пайдаланылған мотор майын экологиялық таза
жолмен жойыңыз. Оны герметикалық контейнерге
салып, техникалық қызмет көрсететін жергілікті
бекетке жөнелткен абзал, Болмаса қайта өңдеу
орталықтарына тапсырыңыз. Қоқыспен бірге майды
шығармаңыз және оны жерге төкпеңіз.
Ауа сүзгісіне (19) қызмет көрсету [F13]
Бітелген ауа сүзгісі (19) карбюраторға ауаның түсуіне
кедергі келтіреді. Карбюратор жұмысының бұзылуын
болдырмау мақсатында ауа сүзгісін (19) үнемі қарап
отырыңыз. Шаңды жерлерде жұмыс істеу құралды
жиі тексеріп отыруды талап етеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сүзетін
бөлшектерді тазарту үшін
жанатын еріткіштерді пайдалану
тұтануға немесе атылуға әкеліп
соғуы мүмкін. Тек сабынды суды
немесе жанбайтын еріткіштерді
пайдаланыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: дәнекерлік ауа сүзгісінсіз
пайдаланбаңыз (19). Бұл ауыр жарақаттарға
әкеліп соғуы мүмкін.
1. Ауа сүзгісі қақпағының қысқыш ашаларын
босатып алыңыз, сүзгінің қақпағын және сүзетін
бөлшекті алыңыз.
2. Бөлшекті тұрмыстық жуу құралы мен су
қоспасында жуыңыз, жанбайтын немесе ауыр
еріткіште (себілу температурасы жоғары) мұқият
жуыңыз немесе шайыңыз. Бөлшекті мұқият кептіріңіз.
3. Бөлшекті таза машина майына салып, сорғытып
алыңыз. Егер бөлшекте көп май қалатын болса,
алғашқы қосу кезінде қозғалтқыш (4) қақтанады.
4. Сүзгіш бөлшекті орналастырып, қақпағын
бұраңыз.
Жанармай тұндырғышын тазалау (22) [F14]
Жанармай тұндырғышы (22) жанармай багында
(17) болатын қоқыс пен судың карбюраторға
түсуінің алдын алады. Егер ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмаған болса, тұндырғышты (22)
тазартқан абзал.
1. Жанармай шүмегін (20) СӨНД. жағдайына
ауыстырыңыз.
2. Басқышты басып, жанармай тұндырғышын
(2) ашу үшін ағызудың кішкене тұтқышын
айналдырыңыз.
3. Жанармайды ағызыңыз.
4. Ағызудың кішкене тұтқышын бастапқы қалыпқа
келтіріп, жанармай шүмегін (20) ON (ҚОСУ)
жағдайына келтіріңіз.
5. Еш жерінен тамып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Оталдыру шырағдандарына (23) қызмет көрсету
[F15]
Қозғалтқыштың (4) сенімді жұмысын қамтамасыз ету
үшін оталдыру (23) шырағдандары үнемі таза болуы
шарт және тиісті саңылауы болуы керек.
Қозғалтқыштың (4) жұмысы кезінде сөндіргіш (4)
қатты қызады. Сөндіргішке (4) жанаспаңыз.
1. Оталдыру шырағданының ұшын (24) босатып
алыңыз.
2. Оталдыру шырағданы (23) маңын кірден
тазартыңыз.
3. Сәйкес келетін кілттің көмегімен оталдыру
шырағданын (23) алыңыз.
4. Оталдыру шырағданын (23) қарап
шығыңыз. Егер оқшаулаушы бүлінген болса, оны
алмастырыңыз. Қайта қолдану үшін шырағданды
сым қылды щеткамен тазартыңыз.
5. Қалыңдықты өлшеуіш көмегімен шырағданның
саңылауын өлшеңіз. Жандық электродты еппен иіп,
саңылауды қалыптаңыз. Саңылаудың қалыңдығы
төмендегіше болуы тиіс: 0,7 – 0,8 мм (0,028 – 0,031 дюйм)
6. Оталдыру шырағданының (23) күйін тексеріңіз
және шырағданды қолмен бұраңыз, бұл кетіктің
мүжілмеуіне жол береді.
7. Шырағданды (23) орналастырып, оны
шырағдан кілтінің көмегімен бұраңыз, бұл шайбаны
тығыз тартуға мүмкіндік береді. Жаңа оталдыру
шырағданын (23) орналастыру барысында оны
шайбаны тығыздап тарту үшін жарты-айналымға
бұраңыз. Қолданылған оталдыру шырағданын (23)
орналастыру барысында оны шайбаны тығыздап
тарту үшін 1/8-1/4 айналымға бұраңыз.