2
SIM картасы мен жад картасын орнату
SIM картасын көрсетілгендей төмен қаратылған
алтын түстес контактілерімен SIM картасының
науасына салыңыз. SIM картасын SIM картасының
1-науасына ( ) қосымша SIM картасын SIM
картасының 2-науасына ( ) салыңыз.
•
Әрқашан оператор берген түпнұсқа нано-SIM
картасын пайдаланыңыз.
•
Сонымен қатар SIM картасының 2-науасы
жад картасы науасы ретінде пайдаланылады.
Дегенмен, SIM картасы мен жад картасын
(қосымша) бір уақытта салуға болмайды.
Батареяны зарядтау
Құрылғыны USB Type-C кабелі арқылы зарядтаңыз.
Зарядтау кабелінің клеммасы
•
Құрылғы немесе зарядтау кабелі дымқыл
болса не құрамында ылғал бар болса,
зарядтамаңыз. Бұл өрт, ток соғу, жарақат алуға
әкелуі немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін.