EasyManua.ls Logo

LG LG-X240 - Page 30

LG LG-X240
82 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар (жалғасы)
4
Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында пайдаланғанда
немесе киімнен кем дегенде 5 мм қашықтықта орналасқанда
ЖҚ әсері бойынша керекті нұсқауларға сәйкес келеді.
Қапты белдік немесе ұстағыш ретінде денеде ілгенде, оның
құрамында металл болмау керек және өнімді киімнен кемінде
5 мм қашықтықта ұстау керек. Деректер файлдарын немесе
хабарларды тасымалдау үшін, бұл құрылғы сапалы желі
байланысын қажет етеді. Кейбір жағдайларда, деректер
файлдарын немесе хабарларды тасымалдау осындай
байланыс қол жетімді болмайынша кешігуі мүмкін. Тасымалдау
аяқталмайынша, жоғарыда айтылған ара қашықтық туралы
нұсқаулықтары орындалатынын тексеріңіз.
Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету
Әрдайым осы құрылғы үлгісі үшін түпнұсқалы LG
батареяларын, зарядтағышын және қосымша құралдарын
пайдаланыңыз. Кез келген басқа түрлерін пайдалану
құрылғыға қатысты мақұлдауды немесе кепілдікті жарамсыз
етуі және қауіпті болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет
болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының
ұйғаруымен бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен
не жөнделгенімен ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін.
Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын бөлшекпен бірдей
болу керек.
Теледидар, радио және компьютер сияқты электр
жабдықтарынан алшақ жерде ұстаңыз.
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу
көздерінен аулақ жерде сақтау керек.
Құрылғыны түсіріп алмаңыз немесе ұрып алмаңыз.
Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
Арнайы ережелер арқылы талап етілген жерлерде құрылғыны
өшіріңіз. Мысалы, құрылғыны емханаларда пайдаланбаңыз,
себебі ол медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.

Table of Contents

Other manuals for LG LG-X240

Related product manuals