Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар (жалғасы)
8
Төтенше жағдай қоңыраулары
Төтенше жағдай қоңыраулары ұялы желілердің ешқайсысынан
шалынбай қоюы мүмкін. Сондықтан төтенше қоңыраулар шалу
үшін тек құрылғыңызға сенім артуға болмайды. Жергілікті қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
Батарея ақпараты және күтімі
• Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға
болмайды.
• Батарея жинағының темір түйіспелері таза болуы тиіс.
• Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз.
Алмастырудан бұрын батареяны жүздеген рет зарядтауға
болады.
• Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну
бөлмесі сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
• Құрылғыны ыстық немесе суық жерлерде қалдырмаңыз, себебі
бұл батареяның жұмысын нашарлатуы мүмкін.
• Батарея дұрыс түрімен алмастырылмаса, жарылыс қаупін
тудырады. Қолданылған батареяларды нұсқаулар бойынша
жойыңыз.
• Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics
компаниясының ең жақын қызмет көрсету орталығына немесе
дилеріне апарып, көмек алуға болады.
• Құрылғы толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз
қуат тұтынуын болдырмау үшін зарядтағышты қабырға
розеткасынан ажыратыңыз.
• Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы
заттардың батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы
мүмкін.
Сауда белгілері
• Bluetooth
®
— Bluetooth SIG, Inc. компаниясының дүниежүзінде
тіркелген сауда белгісі.
• Wi-Fi
®
және Wi-Fi логотипі — Wi-Fi Alliance компаниясының
тіркелген сауда белгілері.