EasyManua.ls Logo

LG LG-X240 - Қауіпсіз Және Тиімді Пайдалану Туралы Нұсқаулар

LG LG-X240
82 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
3
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды
орындамау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін.
Құрылғы туралы маңызды ақпарат
Құрылғы қолданбалары, қызметтері, мысал суреттері және
мазмұны аймаққа, қызмет провайдеріне, бағдарламалық құрал
нұсқасына және құрылғыға байланысты өзгеше болады әрі
ескертусіз өзгертіледі.
Радио жиілігі қуатының әсері
Радиотолқын әсері және меншікті сіңіру коэффициенті (МСК)
туралы ақпарат.
Бұл құрылғы радиотолқындардың әсеріне қойылатын
қолданыстағы қауіпсіздік талаптарына сай етіп жасалған. Бұл
талаптар жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан, барлық
пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік
шегін қамтитын ғылыми нұсқауларға негізделген.
Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру
коэффициенті немесе МСК деп аталатын шама бірлігі
қолданылады. МСК сынақтары стандартты әдістер бойынша
барлық қолданыстағы жиілік ауқымдарындағы ең жоғарғы
рұқсат етілген қуат деңгейінде құрылғыдан сигнал жіберу
арқылы жүргізіледі.
Әр түрлі LG құрылғы үлгілерінің МСК деңгейлері арасында
айырмашылықтар болғанымен, олардың барлығы
радиотолқындар әсері бойынша нұсқауларға сәйкес келетін
етіп жобаланған.
Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық
комиссиясы (ИСҚХК) ұсынған SAR шектеуінің орташа мәні –
10 г-нан астам ұлпада 2 Вт/кг.
Осы үлгінің сыналған ең жоғары МСК мәні құлақтың
жанында — 0,710 Вт/кг (10 г), ал денеде тағып жүргенде —
1,500 Вт/кг (10 г).
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар

Table of Contents

Other manuals for LG LG-X240

Related product manuals