Негізгі функциялар 25
• Құрылғыға ауыр заттар қоймаңыз немесе оған отырмаңыз. Олай
жасамаған жағдайда сенсорлық экранға зақым келуі мүмкін.
• Экранның қорғаныс пленкасы немесе керек-жарақтары
жақындықты анықтау датчигінің жұмысына кедергі жасауы мүмкін.
• Құрылғыңыз ылғал болса немесе оны ылғалды жерде пайдаланып
жатсаңыз, сенсорлы экран немесе түймелері дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
Қуатты қосу жəне өшіру
Қуатты қосу
Қуат өшіріліп тұрғанда, қуат/құлып пернесін басып тұрыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қосқан кезде, бастапқы конфигурация
орындалады. Смартфонның алғаш рет іске қосылу уақыты
əдеттегіден ұзақ болуы мүмкін.
Қуатты өшіру
Қуат/құлып пернесін басып тұрып, Өшіру тармағын таңдаңыз.
Қуатты басқару опциялары
Қуат/құлып пернесін басып тұрып, опцияны таңдаңыз.
• Өшіру: құрылғыны өшіре
ді.
• Қуатты өшір
у жəне қайта қосу: құрылғыны қайта іске қосады.
• Ұшақ ре
жимін қосу: қоңыраулар шалу, хабар алмасу жəне
Интернетті шолу сияқты телекоммуникацияға байланысты
функцияларды блоктайды. Басқа функциялар қолжетімді болып
қала береді.