35 ҚАЗАҚША
13. Электрлік құралды қоспас бұрын, реттегіш
немесе сомынды бұрайтын кілттерді алып
тастаңыз. Электрлік құралдың айналмалы
бөлігінде реттегіш немесе сомынды бұрайтын
кілт бекітулі қалса, жарақаттауы мүмкін.
14. Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым
тұрақты және тепе-теңдік сақтайтын күйде
болыңыз. Бұл күтпеген жағдайда электрлік
құралды жақсы басқаруға мүмкіндік береді.
15.
Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз
және әшекей тақпаңыз. Шаш, киім және
қолғабыңызды қозғалмалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Бос киім, әшекейлер немесе ұзын
шаш қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
16. Шаң тұту және жинау құрылғылары
қамтамасыз етілген болса, олардың
қосулы екендігіне және дұрыс қолданылып
жатқанына көз жеткізіңіз. Шаң жинау
құрылғысын пайдалану шаңмен байланысты
қауіпті азайтуы мүмкін.
Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау
17. Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз.
Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін
электрлік құралды пайдаланыңыз. Дұрыс
таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген
жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.
18. Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып-
қосқышы ақаулы кез келген электр құрал қауіп
төндіреді және оны жөндеу керек.
19. Кез келген реттеулер жасамас бұрын,
керек-жарақтарды ауыстырмас бұрын
немесе электрлік құралдарды ұзақ уақытқа
сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен
ажыратыңыз және/немесе аккумулятор
блогы бар болса, оны шығарып алыңыз.
Осындай алдын алу шаралары электрлік
құралдың кездейсоқ іске қосылу қаупін
азайтады.
20. Электрлік құралдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Арнайы жаттығудан өтпеген пайдаланушылар
үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.
21.
Электр құралдарға техникалық қызмет
көрсетіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің
ауытқуы және оралуы, зақымдалған
бөлшектер және электрлік құралдың
жұмысына кері әсер ететін басқа
жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымы
болса, электрлік құралды жөндеген соң бірақ
пайдаланыңыз. Жазатайым оқиғалардың көбі
электрлік құралдарға дұрыс техникалық қызмет
көрсетілмеу себебінен болады.
22. Кесу құралдары өткір және таза болуы
керек. Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын
дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды
және басқаруға оңай.
23. Электрлік құралды, керек-жарақтарды және
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
24. Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
25. Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез келген басқа аккумулятор блоктарын
пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қапуін
тудыруы мүмкін.
26. Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
27. Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп
кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп
кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық
көзге тиген болса, медициналық көмекке
жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық
тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
Қызмет көрсету
28. Электрлік құралды білікті маманға жөндетіп
алыңыз, ол тиісті қосалқы бөлшектерді
пайдалануы керек. Бұл электрлік құралдың
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
29. Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
30. Тұтқаларды құрғақ, таза ұстаңыз және
майлы болмауын қамтамасыз етіңіз.
Аккумуляторлы батареядан
қуаттанатын шынжырлы ара
қауіпсіздігі бойынша ескертулер:
1. Шынжырлы ара жұмыс істеп тұрған кезде,
денеңіздің кез келген бөлігін ара жүзінен
алшақ ұстаңыз. Шынжырлы араны іске
қоспас бұрын, ара шынжырының ешнәрсеге
тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз. Шынжырлы
араны пайдалану кезінде сәл ғана назар
аудармау киіміңіздің немесе денеңіздің ара
жүзіне ілініп қалуына әкелуі мүмкін.
2. Екі қолмен ұстаған кезде әрқашан оң
қолыңызбен шынжырлы араның артқы
тұтқасынан және сол қолыңызбен алдыңғы
тұтқасынан ұстаңыз. Шынжырлы араны
керісінше ұстау жарақат алу қаупін арттырады
және құралды ешқашан бұлай қолдануға
болмайды.
3. Электр құралын оқшауланған арнайы
беттермен ғана ұстаңыз, себебі ара жүзі
жасырын сымға тиіп кетуі мүмкін. Ара
шынжырлары кернеулі сымға тиіп кетсе, электр
құралының ашық металл бөлшектерінде кернеу
пайда болады, нәтижесінде операторды ток
соғуы мүмкін.