MT-4624
KAZ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз және кейін анықтама алу үшін сақтап қойыңыз.
• Алғашқы қосу алдында бұйымның таңбалауында көрсетілген техникалық сиаттамалары жергілікті желіңіздегі электр қоректенуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
• Тек тұрмыстық мақсатта пайдаланыңыз. Аспап өнеркәсіәпте қолдануға арналмаған.
• Желілік бауы зақымданған немесе басқа зақымдары бар аспапты пайдаланбаңыз.
• Желілік бау өткір шеттер мен ыстық беттерге тимеуін байқаңыз.
• Желілік бауды аспап корпусының айналасына орамаңыз, бұрамаңыз және тартпаңыз.
• Аспапты қоректену желісінен ажыратқанда желілік бауды тартпай, тек ашадан ұстаңыз.
• Аспапты өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз. Ақау туындаған жағдайда жақын орналасқан сервистік орталыққа жолығыңыз.
• Кеңес берілмеген қосымша керек-жарақты пайдалансаңыз, қауіп төнуі немесе аспап зақымдануы мүмкін.
• Аспапты тазалау алдында және оны пайдаланбасаңыз ылғи электр желіден ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспапты су толған ванна, раковина немесе басқа ыдыстардың қасында пайдаланбаңыз.
• Электр тоқ соқпау және тұтанбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл бола қалса, оны бірден электр желіден ажыратып, тексеру үшін сервистік орталыққа
жолығыңыз.
• Аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, осы аспапты пайдалану тәжірибесі жоқ адамдармен (соның ішінде балалармен) пайдаланылуға арналмаған. Бұл жағдайда
пайдаланушыны оның қауіпсіздігіне жауап беретін адам алдын ала үйрету керек.
• Қоректендіру негізіне су тигізбеңіз.
• Аспапты тек осы шәйнекке арналған қоректендіру негізімен ғана қолданыңыз. Қоректендіру негізін басқа мақсаттарда қолдануға болмайды.
• Жұмыс кезінде шәйнекті қоректендіру негізінен алып тастаңыз, алдымен аспапты өшіріңіз.
• Аспапты қосар алдында шәйнек қақпағының тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе қайнағанда автоматты өшіру жүйесі іске қосылмайды, ал қайнаған су төгілуі мүмкін.
• Аспап тек су қайнатуға арналған. Аспапты басқа сұйықтықтар қыздыруға қолданбаңыз, бұл аспапты бұлдіруі мүмкін.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
• Аспапты ашып, барлық жапсырмаларын алып тастаңыз.
• Аспапты қолданар алдында осы шәйнектің электр қоректенуі Сіздің жергілікті желіңіздегі техникалық сипаттамалары бар кестеде көрсетілген электр қоректенуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
• Шәйнекке “MAX” белгісіне дейін су құйып, қайнатыңыз. Суын төгіңіз. Шараны екі рет қайталаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
• 1л су қайнатыңыз. 50г лимон қышқылын қосыңыз. Алынған ерітіндіні 15 минутқа қалдырыңыз.
• Немесе шәйнекке 500 мл ақ сірке суын құйып, қалған бөлікті суға толытырып, қайнатпастан бір сағатқа қалдырыңыз.
• 1 немесе 2 ерітіндісін шәйнектен төгіңіз. Қалған шөгінділерді біраз дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Шәйнекке таза су құйып, қайнатып, суды төгіңіз. Суды 1-2 рет қайнатып, қақ кеткенше
төгіңіз. Содан шәйнек пайдалануға дайын.