20
5 Ақауларды жою
Төмендегі қарапайым ақауларды өзіңіз жойып көріңіз. Ол мәселелерді шеше алмасаңыз, сату
бөліміне хабарласыңыз.
Құрылғы істемей
қалды
Құрылғының қуат көзіне қосылуын немесе
ашаның жақсы тиіп тұруын тексеріңіз
Кернеудің тым төмен деңгейде еместігін тексеріңіз
Электр қуаты бар-жоғын немесе автоматты ажыратқыштардың іске
қосылмағанын тексеріңіз
Иіс
Иісті тағамдарды дұрыстап орау керек
Бұзылған тамақ бар-жоғын тексеріңіз
Тоңазытқыштың ішін тазалаңыз
Компрессордың
ұзақ уақыт жұмыс
істеуі
Сыртқы температура жоғары болғанда, жазда тоңазытқыштың ұзақ
жұмыс істеуі — қалыпты жағдай.
Бір уақытта құрылғыда тым көп тағам сақтамаған дұрыс.
Тағам құрылғыға салмас бұрын салқындатып алу керек.
Құрылғының есіктері тым жиі ашылады
Шамдары
жанбайды
Тоңазытқыш қуат көзіне қосылып тұрғанын және жарықты беретін
шамның зақымдалуы бар-жоғын тексеріңіз.
Есіктер дұрыс
жабылмайды
Есікке тағам қаптамалары қыстырылып қалған
Тоңазытқыш қисайып тұр
Қатты шуыл
шығады
Еденнің тегіс екенін және тоңазытқыш қозғалмайтын жерде
тұрғанын тексеріңіз.
Керек-жарақтар тиісті орындарда екенін тексеріңіз.
Есіктің
тығыздағышы
тығыз
орналаспаған
Есіктің тығыздағышында басқа нәрселер тұр
Есіктің тығыздағышын қалпына келтіру үшін алдымен қыздырыңыз,
одан кейін суытыңыз.
(немесе оны қыздыру үшін электрлік кептіргішпен үрлеңіз не ыстық
орамалды қолданыңыз)
Су табасы толып
кетеді
Мұздату камерасында сақтауға қойылған тағам мөлшері көп
немесе сақталатын тағамда су мөлшері тым көп, ол жібітуді
қиындатады.
Есіктер дұрыс жабылмаған, соның салдарынан ауа кіріп, қырау
қатып, еріген су мөлшері көбейген.
Корпус ыстық
Кірістірілген конденсатор корпус арқылы жылу шығарады, бұл —
қалыпты жағдай. Сыртқы ортаның жоғары температурасына және
тағамның тым көп сақталуына байланысты корпус қызып кетсе,
жылудың таралуын жеңілдету үшін дыбыстық желдетуді
пайдаланған дұрыс.
Беткі конденсация
Тоңазытқыштың сыртқы бетіндегі және есік тығыздағыштарындағы
конденсация бөлмедегі ылғалдылық тым жоғары болған кезде
байқалады, бұл — қалыпты жағдай. Конденсат суын таза
шүберекпен сүртіп тастаңыз.
Қалыптан тыс
шуыл
Ызылдау: компрессор істеп тұрған кезде, ызылдаған дыбыс шығуы
мүмкін, бұл дыбыстар әсіресе іске қосылу немесе тоқтау
барысында қатты шығады. Бұл — қалыпты нәрсе.
Сықырлау: құрылғының ішінде ағып жатқан салқындатқыш
сұйықтық сықырлаған дыбыс шығаруы мүмкін, бұл — қалыпты
жағдай.