EasyManua.ls Logo

Philips GC5060 - Кіріспе

Philips GC5060
210 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Электрмагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша
дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, құрал
пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Тастау
- Қызмет мерзімі аяқталғанда, құралды әдеттегі қоқыспен бірге
тастамай, ресми жинау орнына тапсырыңыз. Осылайша, сіз қоршаған
ортаны сақтауға көмектесесіз.
- Қайта өңдеуді мүмкін ету үшін осы құралға қолданылатын пластик
бөлшектері кодталған. Картонды орама 90% қайта өңделген
материалдан жасалған, сондықтан оны толығымен қайта өңдеуге
болады.
Кіріспе
Осы Philips жабдығын сатып алғаныңызға рақмет.
- Жаңа Philips PerfectCare Xpress бу үтігі киімді үтіктеудің
инновациялық жолын ұсынады. Кәдімгі үтіктермен болатын
машақатты барлығымыз білеміз: қатты және жұмсақ мата үшін
дұрыс температураны таңдау, үтіктің қызуын күту және киімді
қатты қызған үтікпен зақымдап алмау үшін салқындату. Жаңа Philips
PerfectCare Xpress бу үтігімен бұл әбігерлік өткендегінің қатарына
қосылады.
- Негізінен, бүктесінді кетіру қызуды матаға тасымалдау арқылы
жасалады. Бұрынғы уақытта бұл өте ыстық тақтамен жасалатын.
Содан кейін қызуды тасымалдауды жақсарту үшін бу қосылған.
Біздің зерттеу бүктесіндерді тиімді кетірудің ең жақсы жолы
— қарқынды бу мен оңтайлы тақта температурасының тамаша
тіркесімі екенін анықтады. Бүктесіндерді тиімді кетірудің кілті —
тақта температурасы емес, бу. Қандай да ылғалды кетіру үшін тақта
температурасы бу температурасынан аз ғана жоғары болуы керек.
Бұл оңтайлы температура.
- Бұрында осы оңтайлы температурада будың жоғары мөлшері судың
ағуына әкелетін. Біз бірегей камераны жасадық. Ол су ағуы қаупінсіз
тез үтіктеу үішн матаға терең енетін үйлесімді ылғалды буды береді.
- Енді үтіктеу шынымен де оңай - температураны реттеу керек
емес, қызуды және салқындауды күту керек емес. Үтіктеу азырақ
уақыт алады, үтіктеуді кім орындаса да. Осы OptimalTemp
технологиясының көмегімен кез келген киімді тиімді және қауіпсіз
үтіктеуге болады.
- The Woolmark Company Pty Ltd компаниясы бұл үтікті тек жүннен
жасалған өнімдерді үтіктеуге қолдануды бекіткен. Тек киімді киім
этикеткасындағы және осы үтік өндірушісінің нұсқауларына сай
үтіктеу керек. R1201. Ұлыбританияда, Эйрда, Гонконгта және
Үндістанда Woolmark сауда белгісі куәліктендіру белгісі болып
табылады.
ҚАЗАҚША84

Table of Contents

Other manuals for Philips GC5060

Related product manuals