40
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетіне тіркеңіз.
Гриль (тек HD4407/HD4467 үлгілерінде)
Қызыл температура шамы
Температураны басқару құралы
Грильдеу табақшалары
Грильдеу табақшаларының қыстырып қоятын бекітпесі
Ұстауға салқын саптар
Дренаж тесікшелері
Май жиналатын тостаған ілмегі
Май жиналатын тостаған
Сымды сақтайтын орын
Гриль (тек HD4408/HD4469 үлгілерінде)
«Қуатқа қосулы» қызыл шамы
«Пісіруге дайын» жасыл шамы
Температураны басқару құралы
Грильдеу табақшалары
Грильдеу табақшаларының қыстырып қоятын бекітпесі
Ысымайтын қысқыш
Ысымайтын тұтқа
Дренаж тесікшелері
Таймер түймесі
Таймер дисплейі
Май жиналатын тостаған
Сымды сақтайтын орын
Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны
келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
- Құралды немесе қуат сымын суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
- Құралды қоспас бұрын, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Егер ток сымы зақымдалған болса, өзіңізге зиян тигізіп алмас үшін оны тек Philips, Philips
әкімшілігі ұсынған қызмет орталығы немесе соған сәйкес білікті маман көмегімен
алмастырыңыз.
- Олардың қауіпсіздігіне жауапты адам қажетті бақылау жасамаса немесе осы құралдарды
қалай пайдалану керектігі жөнінде нұсқау бермеген болса, физикалық сезімталдығы төмен
немесе ақыл-есі кем, сондай-ақ, тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар (оның ішінде жас
балалар да) бұл құралды пайдалануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнауына рұқсат бермеңіз.
- Қуат сымы үстел жиегінен немесе құрылғы жұмыс істеп жатқан беттің жиегінен
салбырап тұрмауы тиіс.
- Қуат сымын ыстық беттерден аулақ ұстаңыз.
- Құралды қадағалаусыз жұмыс жасатуға болмайды.