Ескерту: Қақ тазалау процесі кезінде құрал тоққа қосылып тұрғанын және ҚОСУ күйінде екенін
тексеріңіз.
2 Температура дискін CALC CLEAN (сурет 6) (ҚАҚ ТАЗАЛАУ) күйіне бұраңыз.
3 Қақ тазалау ыдысын үтіктеу тақтасына немесе кез келген басқа тегіс, тұрақты жерге қойыңыз.
4 Үтікті қақ тазалау ыдысына (сурет 7) қозғалмайтын етіп қойыңыз.
Ескерту: Қақ тазалау ыдысы қақ тазалау процесінің барысында қақ бөлшектерін және ыстық суды
жинауға арналған. Бүкіл процесс барысында үтікті осы ыдысқа қою мүлде қауіпсіз.
5 Қысқа дыбыстық сигналдарды (сурет 8) естігенше қақ тазалау түймесін 2 секунд басып тұрыңыз.
6 Қақ тазалау процесі кезінде қысқа дыбыстық сигналдарды және соратын дыбысты (сурет 9) естисіз.
7 Қақ тазалау процесі аяқталған кезде үтік дыбыстық сигнал шығаруды тоқтатады және ҚАҚ
ТАЗАЛАУ шамы жыпылықтауды қояды (сурет 10).
8 Үтікті шүберекпен сүртіп алып, негізге (сурет 11) қойыңыз.
9 Қақ тазалау процесі кезінде қақ тазалау ыдысы ыстық болатындықтан оны ұстамас бұрын шамамен
5 минуттай күте тұрыңыз. Одан кейін қақ тазалау ыдысын шұңғылшаға апарып төгіңіз де, кейін тағы
пайдалану (сурет 12) үшін сақтап қойыңыз.
10 Қажет болғанда 1–8 қадамдарын қайталауға болады. Қақ тазалау процесін бастамай тұрып қақ
тазалау ыдысын босатыңыз.
Ескерту: Қақ тазалау процесінің барысында үтік ішінде қақ жиналмаған болса, табаннан таза су
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда жиі кездесетін мәселелер аталып өтеді. Төмендегі ақпараттың көмегімен
мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін www.philips.com/support
торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе Ықтимал себеп Шешім
Үтік бу шығармайды. Температура дискін SYNTH
(СИНТЕТИКА) күйіне
орнатыңыз •.
Температура дискін • • немесе одан жоғары
мәнге бұраңыз.
Бу функциясы қақ тазалау
процесін орындағанша
өшірілді.
Бу функциясын қайта қосу үшін қақ тазалау
процесін орындаңыз. («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз)
Үтіктеу сеансы басында бу
шығарғыш жеткілікті түрді
ұзақ басылмады.
Бу шыққанша бу қосқышын басып тұрыңыз.
Бу шыққанша 30 секундқа дейін кетуі
мүмкін.
Қақ тазалау шамы
жыпылықтайды.
Табаннан бу шықпайды
және/немесе құрал
дыбыстық сигнал
шығарады.
Қақ тазалау процесін
орындамадыңыз немесе
аяқтамадыңыз.
Бу функциясын қайта қосу үшін қақ тазалау
процесін орындаңыз («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз).
Құрал өшті. Құрал 5 минут бойы іссіз
тұрғанда, қауіпсіз автоматты
өшіру функциясы автоматты
түрде қосылады.
Құрылғыны белсендіру үшін қосу/өшіру
қосқышын «өшірулі» күйіне, одан кейін
«қосулы» күйіне орнатыңыз. Содан соң,
құрал қайта қыза бастайды.
76
Қазақша