84
Байланыс орнатылмаса, » байланыс
көрсеткіші қызыл болып жанады.
Ата-ана модулі анда-санда дыбыстық
сигнал беріп отырады.
Нәресте мониторын орналастыру
1 Нәресте модулі мен ток сымы
балаңыздан кемінде 1 метр
қашықтықта орналасуы керек.
> 1m/3.5ft
2 Жаңғырық болмауы үшін, ата-
ана модулі мен нәресте модулінің
арақашықтығы кемінде 1,5 метр болуы
керек.
3 Ата-ана модулін нәресте мониторының
жұмыс диапазонында пайдаланыңыз.
> 1.5m/5ft
5 Нәресте
мониторын
пайдалану
Ата-ана модулін нәресте модулімен
байланыстырыңыз:
1 Нәресте модуліндегі түймесін екі
секунд бойы басып тұрыңыз.
Нәресте модулі қосылып, ондағы »
барлық көрсеткіштер қысқа уақытқа
жанып, сөнеді.
2 Ата-ана модуліндегі түймесін екі
секунд бойы басып тұрыңыз.
Ата-ана модулі қосылып, ондағы »
барлық көрсеткіштер жанып, аз
уақыттан кейін қайта сөнеді.
» байланыс көрсеткіші қызыл түспен
жыпылықтап, ата-ана модулі нәресте
модулін іздей бастайды.
Байланыс орнатылғанда, » байланыс
көрсеткіші жасыл болып жанады.
KK