EasyManua.ls Logo

Philips SCF286 - Қазақша

Philips SCF286
108 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
ҚАЗАҚША 43
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз!
Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
A Тұтқасы бар қақпақ
B Кішкене себет
C Үлкен себет
D Су құйылатын ыдысы бар қыздыру элементі
E Негіз
F Ток сымы
G Қосу түймесі
H SCF287/SCF286: «Стерилдеу» жарығы
I SCF287/SCF286: «Дайын» жарығы
J SCF285/SCF284: «Стерилдеу» жарығы
K Ыдыс жуғыш машинаға арналған себет (тек SCF287/SCF286 үлгісінде)
L Қысқаш
Ескертпе Стерилизатор түрінің нөмірі оның астында жазылған.
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті!
- Құралдың негізін, ток сымын немесе штепсельдік ұшын суға немесе
басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
- Қаспақты алу нұсқауларын орындамаса, құрал жөндеуге келмейтіндей
бұзылуы мүмкін.
- Ток соқпау үшін, құралдың негізін еш уақытта бөлшектемеңіз.
Абайлаңыз!
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі,
сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (соның ішінде
балалар) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Құралды және оның ток сымын балалардың қолдары жетпейтін
жерге қойыңыз.
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Штепсельдік ұшы, ток сымы немесе өзі зақымдалған болса, құралды
қолданбаңыз.

Other manuals for Philips SCF286

Related product manuals