53
қашықтан басқару пультін қолданыңыз.
Егер сіз негізгі тазалау бағдарламадан шығып, шаңсорғыштың басқа тазалау режимін таңдасаңыз,
ал содан кейін негізгі тазалау режиміне қайта оралып оны іске қоссаңыз, сол сәтте робот-
шаңсорғыш тазалау жолын қайтадан жоспарлап өзгертеді және бөлмедегі тазаланған еден
аумағын қайтадан тазалауды бастайды.
Шаңсорғыштың тазалау бағдарламаларын іске қосу үшін, алдымен робот қосулы күйінде екеніне
және ол күту режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
1.
Шаңсорғыштың негізгі тазалау бағдарламасын іске қосу үшін роботтағы мына белгісі бар
батырмасын бір мәрте ғана қысқа басыңқырап жіберіңіз немесе шаңсорғыштың қашықтан
басқару пультінде орналасқан мына белгісі бар батырмасын басыңыз.
2. «»
Тазалауды шиыршық бойымен жүргізу («Жергілікті тазалау») бағдарламасы қатты ластанған
аумақты тазалау үшін арнайы арналған.
«Шиыршық бойымен» тазалауды бастау үшін шаңсорғыштың қашықтан басқару пультіндегі
мына белгісі бар батырмасын басыңыз.
3.
«Максимум» тазалау бағдарламасы арқылы сіз шаңсорғышта сорғызудың қуаттылығын арттыра
алатын боласыз, яғни бұл бағдарлама шаңсорғышқа арттырылған сорғыш қуатымен жұмыс
істеуге мүмкіндік береді.
Робот-шаңсорғышта «Максимум» сорғызудың қуаттылығын арттыру (барынша толық күшейту)
режимін орнатып, іске қосу үшін шаңсорғыштың қашықтан басқару пультіндегі мына
белгісі бар батырмасын басыңыз.
Сур. 12
4.
«Қабырғалардың бойымен» тазалауды бастау үшін шаңсорғыштың қашықтан басқару
пультіндегі мына сәйкесінше белгісі бар батырмасын басыңыз.
Сур. 13
5.
Жылдам тазалауды бастау үшін шаңсорғыштың қашықтан басқару пультіндегі мына сәйкесінше
белгісі бар батырмасын басыңыз. Робот-шаңсорғыш бөлмежайдағы еден аумағын 30
минут ішінде тазалап тастайды.
Сур. 14
Шаңсорғыштың қашықтан басқару пультіндегі батырмаларын қолдана отырып, Сіз таймерде