Казақ
Казақ - 15
Ақаулық Шешімі және түсіндірмесі
Тұрғы тағанын құрастыру қиын.
• ТД-дың тегіс жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. ТД бұрандаларын ала алмасаңыз, магнитті бұранда
бұрағышты қолданыңыз.
Тарату мәзірі сұры болып тұр
(қол жетімсіз).
• Тарату мәзірі ТД сигнал көзі таңдалған кезде ғана көрсетіледі.
Параметрлер 5 минут өткеннен
кейін немесе ТД сөндірілгеннен
кейін сақталмай қалады.
• Егер ТД Көрсету режимінде тұрса, аудио немесе сурет параметрлерін 5 минут сайын бастапқы
қалпына қойып отырады. Көрсету режимінен Үйде пайд. режиміне ауысқыңыз келсе, SOURCE
түймешігін басып TV режимін таңдап, MENU → Қолдау → Пайдалану режимі параметріне
барыңыз.
Аудио немесе видео мезгіл-
мезгіл жоқ болып кетеді.
• Сым қосылымдарын тексеріңіз де, қайта жалғаңыз.
• Аудио немесе видеоның жоқ болып кетуіне, тым қатты не жуан сымдарды қолдану себеп болуы
мүмкін. Сымдардың иілгіш, ұзақ пайдалануға жарамды екенін тексеріңіз. ТД-ды қабырғаға
орнатқыңыз келсе, 90 градустық жалғастырғыштары бар сымдарды қолдануды ұсынамыз.
ТД жақтауының жиегіне өте
жақыннан қарағанда өте
кішкене бөлшектерді көресіз.
• Бұл өнімнің ақаулығы емес, сыртқы жасақтамасының бір бөлігі.
PIP мәзірі жұмыс істемейді. • PIP функциясы тек HDMI немесе құралас элемент көздерін қолданғанда ғана жұмыс істейді.
45 минут бұрын сөндірілген ТД
қайта қосылды.
• Бұл қалыпты жағдай. ТД ӘА (әуе арқылы) функциясын, ТД қарап отырған кезде қотарылған
бағдарламалық жасақтаманы жаңарту үшін қосады.
“Шифрланған сигнал” немесе
“Сигнал әлсіз не жоқ” хабары
көрсетіледі.
• Егер CAM CARD (CI/CI+) картасын қолдансаңыз, оның жалпы тілдесу ұяшығына орнатылғанын
тексеріңіз.
• Ақаулық әлі жойылмаса, CAM CARD картасын ТД-дан алып, ұяшыққа қайта салыңыз.
Сурет/үнділік мәселелері жиі-
жиі туындайды.
• Сигнал/сигнал көзін тексеріңіз де, өзгертіңіз.
Тұрғы тағанындағы резеңке
жастықшалар мен кейбір
жиһаздардың сыртқы
қаптамасы арасында реакция
пайда болуы мүмкін.
• Бұның алдын алу үшін, ТД-дың жиһазға тура жанасатын кез келген жеріне киіз жастықша
қолданыңыз.
“Бұл файл дұрыс
ойнатылмауы мүмкін.”
хабары көрсетіледі.
• Бұл хабар мазмұн таратылымының жылдамдығының жоғары болуына байланысты көрсетілуі
мүмкін. Мазмұн ойнатылады, бірақ ойнату барысында мәселе туындауы мүмкін.
✎
ТД жұмысын ең оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламалық жасақтаманың ең соңғы нұсқасын (www.
samsumg.com → қолдау) USB құралымен жаңартуға болады.
✎
Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі кіші пикселдер технологиясы қолданылады.
Дегенмен, бейнебетте аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл пикселдер
құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.
Ұсыныс - тек ЕО ғана
• Samsung Electronics осы мәлімдеме арқылы ПБП теледидарының 1999/5/EC ережесінің маңызды
талаптары мен басқа да тиісті шарттарына сай келетінін мәлімдейді.
• Бұл құрылғыны барлық ЕО елдерінде қолдануға болады.
• Ресми Сәйкестік декларациясына http://www.samsung.com, Қолдау > Өнімге қолдау көрсету қойындысына
барып, үлгінің атауын енгізу арқылы қол жеткізуге болады.
[UJ4000_5000-RU]BN68-07313T-03L04.indb 15 2015-08-03 오전 10:01:02